Лекция конспектісі университеттің барлық білім беру бағдарламасы үшін



бет6/30
Дата20.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#108985
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Савроматтар (Сарматтар) туралы оқулықтардағы материалдар өте аз. Б.з.б. II ғ. грек-рим деректері: Қара теңіз жағалауындағы скиф тайпаларының шығыс жағында Аростор мен Роксолан тайпалары өмір сүрген, дейді. Археологиялық зерттеу жұмыстары олардың савромат, сармат тайпалары екендігін дәлелдеп отыр. Батыс Қазақстанда Еділ- Жайықтың төменгі ағыстарында және Қобда, Елек, Ор, Жем өзендерінің жоғарғы ағыстарында олардың ескерткіштері (обалар) кездеседі.
Сармат тайпаларының пайда болуы туралы нақты пікір қалыптаса қойған жоқ. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, савромат, сармат тайпаларының шыққан тегі Андронов және Ресейдің Оңтүстік аудандарындағы қола дәуірінің бір мәдениеті болған қима мәдениетінің кезіндегі рулардың жалғасы деген пікір бар.
Батыс Қазақстандағы өмір кешкен сармат тайпаларының ескерткіштері басқа тайпаларға қарағанда өте аз зерттелген. Батыс және Солтүстік Батыс Қазақстанның жерін мекендеген ежелгі темір тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстар, оларды негізінен екі кезеңге бөліп қарастырады:

  1. Бірінші кезең – б.з.б. VII-IV ғғ.

  2. Екінші кезең – б.з.б. VI-II ғғ.

Көрсетіліп отырған кезеңдердің біріншісі археологиялық материалдар бойынша ежелгі савроматтар деген атымен белгісі болса, ал екіншісі жазба деректер бойынша соңғы кездегі сарматтар. Бұлар өздерінің осы атауларымен б.з. IV ғасырына дейін белгілі болған.
Сақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар. Сарматтардың обаларынан көбіне: қанжар, семсер, садақтың қырлы ұштары; әшекей бұйымдардан: түрлі-түсті моншақтар, қол айналар, қапсырмалар, әртүрлі аңдардың суреттері бейнеленген асыл тастар табылады. Аяқтарында басын жерге салып тұрған жыртқыш аңдар бейнеленген, күнге немесе отқа табынуды көрсететін тас шырақтар кездеседі. Обаларда өте көп кездесетін құрал-саймандардың бір түрі ат-әбзелдердің ішінде, ауыздық, пен оның сулығы. Жалпы, Сармат тайпаларының шеберлері сулық жасауға ерекше мән берген. Шамасы, олар көлік ретінде мініс аттарына аса назар аударған тәрізді. Сулықты қола, темір, сүйек сияқты заттардан жасаған.
Қазіргі зерттелген деректерге қарағанда оларда әлеуметтік теңсіздік болған. Сарматтардың қандай тілде сөйлегендері әлі белгісіз. Табылған заттардың ішінде Таяу Шығыс, Орта Азия елдерінен келген бүйымдар да кездеседі. Ол сол елдермен болған қарым-қатынасты көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет