Лекция конспектісі университеттің барлық білім беру бағдарламасы үшін



бет14/30
Дата20.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#108985
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Наймандар мен керейлер қазақ халқының құрамына өз аттарымен енген көрнекті тайпалар. VIII ғасырдың орта кезінде Ертістің жоғарғы ағысымен Орхон өзенінің аралығында Түркі тілдес сегіз-оғыз тайпалары өмір сүрген. Қидан жылнамасында бұларды жауынгер көшпелі тайпалар деп көрсетеді. Х ғасырдан бастап, сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына бағынған кезден бастап, олар “найман” деген атпен белгілі болды. Найман сөзі қидандардың сегіз тайпа деген сөзінен қалыптасқан деген болжам бар.
Наймандар бұйрық және беткін деген үлкен 2 тайпадан құралған. Олар монгол тайпалары тарих сахнасына көтерілгенше, Орталық Азияда үстем болып түрған.
ХI ғасырдың екінші жартысындағы жаһанкездер жазбаларына қарағанда, беткін наймандар Алтай жерінде қаңлылармен көршілес тұрған, олармен туыстас болған . Ал Рашид-ад-дин олардаң Үлкен Алтайда, Емелде, Киелі Таласта, Көк Ертісте найман қаңлылармен қатар мекендегенін айтады. Наймандар Алтай жеріне өздерінен бұрын келіп мекендеген керей, меркіт тайпаларымен бірігеді.
Алайда, бұл жерлерге Шыңғыс ханның қолы жететіндігін сезген найман ханы Күшлік 1206 жылы Жетісуға қарай жылжиды. Ал, бұл кезде Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы қарақытайлардың саяси үстемдігі нашарлай бастаған кез еді. Қарлұқ және қаңлы тайпалары өздерінің тәуелсіздігін алу жолында қарақытайларға қарсы күрес жүргізіп жатқан. Қарақытай ханы Жетісу жерінде өз күшімен үстемдігін орната алмайтындығын сезіп, Күшлік ханнан көмек сұраған еді. Ол өзінің жауабында, Емел, Қойлық, Бесбалық қалаларына тарай қонған өз тайпаларынан күш жинап, көмек беретіндігін хабарлайды.
Күшлік хан Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайын бірден түсініп, алғаш оған көмек беруге келіскенімен, келешекте өз үстемдігін орнатуды есінен шығарған жоқ. Ол тез арада күш жинай бастады.
Қарақытайлықтар 1210 жылы Тараз түбінде Хорезмшахтан жеңіліске ұшыраса, одан соң Баласағұнда мүлдем сәтсіздікке ұшырайды. Өзінің орта-лығы болған бұл қала тұрғындары Қарақытай билеушісін қалаға кіргізбеуге тырысқан.
Күшлік хан Қарақытай ханының бұл сәтсіздіктерін пайдаланып қалуға әрекет жасайды. 1211 жылы Қарақытай билеушісі Ү. Гурхан аңда жүрген жерінде түтқындалған. Оны биліктен бас тартқызады. Сөйтіп, Күшлік хан Жетісудағы билікті өз қолына алады. Көп кешіктірмей Күшлік Оңтүстік Қазақстанда да билік жүргізген. Алайда, Күшлік хан христиан дінінің нестарион бағытында болғандықтан мұсылман дініндегі қалаларға қарсы әрекеттер жасай бастайды. Оның әрекеті іске аспайды. 1218 жылы шығыстан монғолдар басып кіреді. Олар бірден найман тайпаларын талқандап Күшлік ханды Бадақшамда қолға түсіріп, жазалады.
Наймандар мен керейлердің қоғамдық құрылыстары ерте феодалдық қатынастардан тұрған. Тайпалық бірлестіктер ұлыстық басқарудан тұрды. Ұлыстардың өздеріне тән бір қасиеті, олардың құрамы тек қандас тайпалардан ғана құралмай, басқа да ру—тайпалар кірді. Әрбір ұлыс белгілі бір территорияны иеленген. Діни-наным сенім бойынша “хан” көктен жаралған болып есептелген. Ұлысты билеушілердің меншігінде белгілі жайлауы, қыстаулары болған. Әрбір ұлыстар ондық бірліктер бойынша әскери жүйемен сарбаздар жасағын құрған.
Ұлыстарды басқару, салық жинауды “шерби” атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін адамдар да болған. Іс ұйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылып бекітілген.
Наймандар мен керейлер христиан дінінің нестарион бағытын ұстаған.
Найман, керей тайпаларының шаруашылықтары түркі тілдес тайпалармен бірдей, ұқсас болған. Ол негізінен көшпелі мал шаруашылығы. Жазба деректерге қарағанда, көшіп-қонудың 2 түрі болған. Оның бірі—тайпалық ірі-ірі көшу, ал екіншісі кіші-кіші рулық көшу болған тәрізді. Бұлай көшіп-қонудың басты себебі—шамасы бұл кездегі жаугершіліктен сақтану болған сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет