Лекция Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны Критериалды бағалаудың құрылымы Қалыптастырушы бағалау үдерісі Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



бет1/5
Дата27.11.2023
өлшемі57,89 Kb.
#130169
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
БӨТ 4-декция (копия)


4-лекция Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

1.Критериалды бағалаудың құрылымы


2. Қалыптастырушы бағалау үдерісі
3.Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар негізінде берілген:



  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);

  • Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;

  • Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;

  • Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;

  • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

  • Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

  • Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

  • Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар;

  • Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы.

К ритериалды бағалаудың құрылымы

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет ). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.


Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет