Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты.
Өзін-өзі бағалау
Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет . Білім алушылардың өзін -өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.
Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады (3-кесте).
Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. арқылы да көмек беруіне болады.