5 Лекция
Күш моменті. Қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.
Қозғалмайтын О нүктесіне қатысты F күшінің моменті деп – О нүктесінен күш түсірілген А нүктесіне жүргізілген радиус вектордың күшіне векторлық көбейтіндісімен анықталатын физикалық шаманы айтамыз
Күш моментінің модулі M=Frsinα=Fl
Мұндағы α бұрышы мен арасындағы бұрыш. Күш иіні l =rsinα – күштің әсер ету сызығы мен О нүктесі арасындағы ең қысқа қашықтық..
СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі Н∙ м
Қозғалмайтын z өсіне қатысты F күшінің моменті деп - берілген z өсінің қандайда бір О нүктесіне қатысты анықталған күш моменті векторының осы өстегі проекциясына тең Мz скаляр шаманы айтамыз. Мz моментінің мәні О нүктесінің z өсіндегі орнына тәуелді емес. Егер z өсі векторының бағытымен бағыттас болса, онда күш моменті
Айналмалы қозғалыс кезіндегі жұмыстың өрнегін анықтайық. z өсінен r қашықтықта орналасқан В нүктесіне күші түсірілсін. α бұрышы –күштің бағыты мен радиус вектор арасындағы бұрыш. Дене абсолют қатты дене болғандықтан күштің жұмысы бүкіл денені бұруға жұмсалған жұмысқа тең. Дененің шексіз аз dφ бұрышқа бұрылуы кезінде күш түсірілген В нүктесі ds= rdφ жол жүреді де жұмыс ығысу бағытындағы күш проекциясын ығысу шамасына көбейткенге тең.
dA = Fsinα rdφ dA = Mzdφ , толық жұмыс
Мұнда Frsinα=Fl= Mz- z өсіне қатысты күш моменті.
Айналмалы қозғалыс кезіндегі жұмыс оның кинетикалық энергиясының өсуіне жұмсалады. dA=dEк
dEк= d( )=Jzωdω, Mzdφ= Jzωdω немесе Mz = Jzω
Mz= Jz = Jzε
Бұл өрнек қатты дененің қозғалмайтын өске қатысты айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі
Егер z өсі массалар центрі арқылы өтетін инерция өсімен сәйкес келсе онда
Импульс моменті және оның сақталу заңы.
Қозғалмайтын О нүктесіне қатысты А материялық нүктесінің импульс моменті (қозғалыс мөлшері)
мұнда - О нүктесінен А нүктесіне жүргізілген радиус-вектор. - материялық нүктенің импульсі
Импульс моменті векторының модульі
L=rpsinα=mυrsinα=pl
мұнда α бұрышы және векторлары арасындағы бұрыш, l- векторының О нүктесіне қатысты иіні
Қозғалмайтын z өсіне қатысты импульс моменті деп - берілген z өсінің қандайда бір О нүктесіне қатысты анықталған импульс моменті векторының осы өстегі проекциясына тең Lz скаляр шаманы айтамыз. Lz моментінің мәні О нүктесінің z өсіндегі орнына тәуелді емес.
Жеке бөлшектердің импульс моменті Liz=miυiri
Қатты дененің қозғалмайтын өске қатысты импульс моменті = = =Jzω
Lz= Jzω
Осы теңдеуді дифференциалдасақ
Бұл өрнек қатты дененің қозғалмайтын өске қатысты айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуінің тағы бір түрі
Тұйықталған жүйе үшін сыртқы күштер моменті =0, болса осыдан
=const - Импульс моментінің сақталу заңы.
Достарыңызбен бөлісу: |