Лекция Лекция тақырыбы: Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі. Сөз мағынасындағы тарихи өзгерістер. Лексикалық сөз толығу жолдары Лекция жоспары



бет2/3
Дата18.10.2023
өлшемі24,61 Kb.
#118434
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
2 лекция

Мотивациялық – негіздемелік (А. Аманжолов) - көне түбірлердің дамуындағы себептілік принципі, яғни жаңа сөз аталуы үшін оған негіз болатын заттың мағынасын көрсетеді.

  • Аналогиялық – ұқсату принципі - бір затпен екінші затты ұқсату арқылы жаңа атау беру.

  • Абстракциялық - ойлау желісі. Зат бейнесінің дама ойында қалыптасып, атауының жасалуы.

  • Ассоциация принципі – затпен немесе құбылысты тану барысында басқа зат пен немесе құбылыспен шектес, мазмұндас мәні арқылы жаңа атау жасау.

    Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырларда (қазақтың халық тілі қалыптасу қарсаңында) қазақ лексикасының өзіндік белтілері анықталғанын, қазақ лексикасының одан кейінгі халықтық және ұлттық дәуірлерде даму сипатын, көне заман мен орта ғасырдағы лексиканы ескерткіштер арқылы танитынымыз, ол кездегі сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашан да бірдей бола бермейтіні белгілі.
    Түркі тілдері лексикасының басты бір ерекшелігі - түбір сөздің ықшамдылығында екенін, ең алғашқы (Ү, СҮ типтес) түбір сөздер бір буынды болып келетінін айттып өттік.
    Тілдің негізгі сөздік қоры жаңа сөздердің тууына өзек бола отырып, халықтық сөзжасам жолдарын айқындайды. Халық тілі қалыптасуы дәуірлерінде басқа тілдерден енген сөздердің ролі ерекше. Қазіргі түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де енген кірме сөздер тілдің грамматикалық, семантикалық және дыбыстық жағынан игерілді. Көптеген сөздер негізгі заттық мағынасын жоғалтып, ауыспалы мағынада қолданыла бастады. Соның салдарынан көпмағыналы сөздер туындады.
    Лексика бірнеше жолмен байығып отырған:

      1. дайын сөзді көрші тілдерден ауысып алу;

      2. байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы;

      3. дыбыстық өзгерістер арқылы;

    Лексикалық сөз тудыру жолдары:

    1. екі сөздің қосылуы арқылы

    2. аффикс арқылы

    Кез-келген тіл басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсіп дамиды, жетіледі. Адамзат баласының бір-бірімен үнемі экономикалық саяси байланыста болуы - табиғи нәрсе. Сондықтан адамның тілдерінің арасында байланыс болуы да - заңды. Әлемдегі тілдерде басқа тілден сөз алмаған таза тіл жоқ.
    Профессор Көроғлының айтуынша – түркі тілінің ішіндегі шартты таза тіл – сақа тілі болып есептеледі. Қазақ тілінде кірме сөздердің енуі халықтың тарихи жағдайымен тікелей байланысты, яғни халық тарихында болған әр түрлі тарихи оқиғалар нәтижесінде, әрі географиялық орталығының бірлігі негізінде көптеген халықтан қарым-қатынасқа түскен. Бұл қарым-қатынас - өте ұзақ дәуірде басталған тарихи құбылыс. Олар парсы, орыс, араб т.б.
    Қазақ тілінің бөлігінде араб-парсы және орыс тілінен енген сөздер мол зерттелінген. Ә.Қайдаров орыс тілінен енген сөздерді мынадай 5 кезеңге бөлінеді.

    1. Бұлқар – Хазар тілі (І-ҮІІ ғғ.)

    2. Печенек – половец тілі (ХІХ-ХІІ ғғ.)

    3. Алтын орда тұсындағы тіл (ХІІІ-ХҮ ғғ.)

    4. Патша өкіметі өкілдігі тұсындағы кезең (ХҮІ-ХІХ ғғ).

    5. Ұлы октябрь ревалюциясынан кейінгі кезең.

    Осы дәуірлеуге тоқтала отырып, келесі тұжырым жасаймыз.

    1. Кірме сөз енуінің негізгі себептері:

      1. Белгілі ұғымды атау қажеттілігі

      2. Халықтың көршілес отыруы

    2. Кірме сөздердің ену сипаты:

      1. Таза халықтың ауызекі тіл арқылы.

      2. Жазба стиль негізінде.

    Қазақ тілі мен монғол тілінің арасындағы қарым-қатынасты ғылымда әр түрлі сипатталады. Көп зерттеушілер екі буынды немесе үш буынды сөздерді (лашын, сңқар, қара, буда т.б) монғол тілінен енген деп пайымдайды. Монғол мен қазақ арасындағы саяси байланыс ХІІІ ғасырдағы Шыңғысхан шабуылынан басталады десек, Монғол мен Қазақ арасындағы тілдік байланыс – одан гөрі тереңірек. Алтай Гипатезасы бойынша түрік және монғол тілдерінің тектестігін Рамстедтің дәлелдеулерін ескерсек болсақ, онда монғол тілінен енген деген сөздердің түркі, монғолдың ортақ болуы да ықтимал. Яғни, жалғамалы тіл ретінде ең көне заманнан бастау алатын тілдермен байланыс лексикологиялық деңгейде де сақталған. Сөйтіп лексикологияның ортақтығын туғызады. Монғол тілінен енген сөздер негізінен жылқы атауы, құс атауы, шендер, әскери терминдер деп табылады. Жорыққа қатысты, соғысқа қатысты көптеген сөздер монғол тілінен енген деп есептеледі. Ал тарихи тұрғыда түркі тілімен сөзінің түбірі тү, көне түркі тілінде сү түбірінің мағынасы - әскер, бұдан қазақ тіліндегі соқ, соғыну, соққы, соққылау т.б көптеген сөздер жасалады. Егер тс африкат дыбысының жіктелуін еске алсақ, онда тү - әскер, соғысу мағынасын берген.
    Ортақ түбірі пайда болған, ортақ мағынасынан шыққан туынды сөз ретінде бағалануы керек. Ал мен (мап - ағылшын тілінде) адам мағынасын береді. Сонда түмен - әскери адам мағынасында әуелде жұмсалған. Кейінгі 10 000, яғни көп мағынасы – екіншілік туынды мағына. Демек, мағыналы түрлі сөздерінің ара қатынасын өлшеу – аса күрделі.
    Араб тілінен енген сөздер орта ғасырлардан бастап (ҮІІІ-ХІХ ғғ.) ене бастаған. Олардың дені – діни-мағыналы сөздер мен оқу-білімге байланысты сөздер.
    Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінде де, ауызша әдеби тілінде де араб және парсы тілдерінен ауысқан сөздер қай кезеңде болса да едәуір орын алып келеді. Оған орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтардың ислам дініне енуі, там-тұмдап болса да мұсылманша (арабша) оқу-ағартудың орын алуы, ортағасырлық түркі әдебиетінін қазақ қауымына да таныс болуы сияқты факторлар себеп болды


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет