Лекция мақсаты: пайда мен зиян туралы қаржылық есептіліктін аудитін жоспарлау мен аудитінің әдістемесімен таныстыру


Пайда мен зиян туралы есептіліктін аудитін жоспарлау



бет2/3
Дата08.02.2023
өлшемі30,84 Kb.
#66159
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Лекция 5

2. Пайда мен зиян туралы есептіліктін аудитін жоспарлау
Аудитор ағымдағы аудит келісімінің басында келесі жұмыстарды орындауы керек:
АХС 315 «Субъект пен оның ортасын білу, маңызды бұрмалаулар тəуекелделігін бағалау», қаржылық есептіліктің маңызды бұрмалаулары жөнінде жоба бойынша топ мүшелерімен талқылауға нұсқауды береді. 240 АХС «Қаржылық есептіліктегі алаяқтық жағдайында аудитор жауапкершілігі» алаяқтық себептері бойынша қаржылық есептіліктің маңызды бұрмалауларға ұшырауы жөніндегі нұсқауды береді.
- клиентпен жəне аудиттің мамандандырылған келісімі бойынша байланысты жалғастыру (қосымша нұсқау берілген 220 АХС «Тарихи қаржылық ақпарат аудиттерінің сапасын бақылау» қараңыз).
-тəуелсіздік жəне этикалық талаптарға сəйкестік (қосымша нұсқау берілген 220 АХС - ты қараңыз).
- келісім шарттары туралы білу ( 210 АХС «Аудит бойынша келісімдердер шарты» қараңыз)
Клиентпен қарым-қатынас жəне тəуелсіздік мəселелері жаңа шарттар мен өзгерістердің пайда болуына қарай бүкіл аудит барысында қаралады. Алайда бұл жұмыстар бойынша аудиторлық шаралар аудиттің ағымдағы келісім бойынша маңызды жұмыстардың орындалуына дейін қаралуы керек. Аудиттің жалғаспалы келісімі бойынша бұл бастапқы шаралар алдыңғы аудиттің аяқталуынан кейін бірден орындалады.
Келісім бойынша бұл алдын алу жұмыстарын орындаудың мақсаты аудитордың жоспарлау жұмысына кері əсерін тигізетін барлық жағдайларды қарастыруды қамтамасыз ету жəне аудит келісімін аудиторлық тəуекелділік деңгейін төмендету жолымен орындау. Ол үшін:
- аудитор тəуелсіздікті сақтауы керек жəне келісімді орындай алатын мүмкіндіктері болуы керек;
- басшылық адалдығында күрделілік болмауы қажет;
- келісім шарттары бойынша клиентпен түсінбеушіліктің болмауы.
Қызметті жоспарлау
Аудиттің жалпы стратегиясы
Аудитор аудиттің жалпы стратегиясын жасауы керек.
Аудиттің жалпы стратегиясы аудиттің ауқымын, бағытын жəне мерзімін белгілейді, сондай-ақ аудиттің маңызды жоспарларын дайындауды реттейді.
а) келісімнің ауқымын белгілейтін оның сипатын анықтау, мысалы қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негізі.
б) аудит мерзімі мен мəліметтердің сипатын жоспарлауға арналған келісімдердің мақсатын анықтау, мысалы аралықты жəне түпкілікті есеп беру мерзімдері, басшылықты күні жəне басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды хабардар ету;
в) жоба бойынша команда мүшелерінің іс-əрекетін анықтайтын маңызды факторларды қарастыру, маңыздылық деңгейін анықтау, маңызды бұрмалаулар бар облыстарды алдын ала анықтау, негізгі компоненттер мен айырым есеп шоттарын алдын ала анықтау.
Аудиттің жалпы жоспарын жасауда аудитор келісім бойынша алдын алу жұмыстарының нəтижелерін қарастыруы керек (6 жəне 7 тараулар). Бұл АХС қосымшасы аудиттің жалпы стратегиясын жасауда қолданатын мəслелелерді қарастырудан тұрады.
Аудиттің жалпы стратегиясын жасау келісімді орындауға қажетті ресурстардың сипатын, мерзімі мен ауқымыны анықтауға көмектеседі. Аудиттің жалпы стратегиясы 9 тараудағы мəселелерді нақты көрсетуі керек.
а) аудиттің арнайы баптары бойынша ресурстар, сəйкес тəжірибелері бар топ мүшелерін қатыстыру немесе күрделі мəселелер бойынша сарапшыларды тарту;
б) аудиттің арнайы баптары бойынша ресурстарды бөлу, түгендеуге тағайындалған топ мүшелерінің материалдардың орналасу орны бойынша саны, басқа аудиторлар жұмысын шолу ауқымы.
в) бұл ресурстарды қолдану мерзімдері;
г) бұл ресурстарды басқару, бағыттау жəне бақылау жүргізілуі, мысалы брифинг немесе дебрифинг өткізу.
Аудиттің жалпы стратегиясын жасау аяқталғаннан кейін аудитор аудиттің əртүрлі мəселелерін қарастыруға арналған маңызды жоспарын дайындауды қолға алуы керек.
Алайда аудитор жалпы жоспарды аудиттің маңызды жоспарын жасауға дейін дайындағанына қарамастан, бұл екі үрдіс бір - бірімен міндетті түрде бірге немесе бөлек үрдіс емес, тек өзара тығыз байланысты.
Кішігірім субъектілер аудитінде аудитті кішігірім топ жүргізеді. Кішігірім субъектілер аудитінде жоба бойынша серіктес (жеке тəжірибесі бар кəсіби бухгалтер) жəне бір команда мүшесі қатысады. Кішігірім топ мүшелері бір-бірінің жұмысын үйлестіруге жəне хабарлауға көмек береді. Кішігірім субъект үшін аудиттің жалпы стратегиясын жасау онша қиын үрдіс емес; ол субъектінің көлемі мен аудиттің күрделілігіне байланысты. Мысалы, алдыңғы аудиттің аяқталуы бойынша жəне аяқталған аудит мəселелерінің атап көрсетілуімен жұмыс құжаттары негізінде дайындалған қысқа меморандум аудиттің ағымдағы келісімін жасауға негіз болады.
Аудит жоспары
Аудитор аудит жоспарын аудиторлық тəуекелділік деңгейін төмендету мақсатымен жасауы керек.
Аудит жоспары аудиттің жалпы стратегиясына қарағанда жоба бойынша команда мүшелері орындайтын аудиторлық шаралардың сипатынан, мерзімдері мен ауқымынан тұрады. Ол аудиторлық тəуекелділік деңгейін төмендетуге қажет жеткілікті аудиторлық дəлелдер алу үшін қажет. Аудит жоспарын құжаттау аудиторлық шараларды орындау мен жоспарлаудың жазбасы ретінде беріледі, ол əрі қарайғы аудиторлық шаралардың орындалуына дейін тексеріліп, бекітілуі керек.
Аудит жоспары:
- 315 АХС «Субъект пен оның саласын, маңызды бұрмалаулар тəуекелділігін білу» сəйкес маңызды бұрмалауларды анықтауға қажетті жоспарланған аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімдері мен ауқымын баяндау;
- 330 АХС «Бағаланған тəуекелділікке қатысты аудиторлық шараларға» сəйкес операциялардың сыныбы, айырымы, есеп шоттары мен ашулар бойынша жоспарланған аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімдері мен ауқымын баяндау.
Əрі қарайғы аудиторлық шаралар жоспары аудитордың бақылаулар қызметінің тиімділігін тестілеудің қажеттігі, сондай-ақ мəні бойынша жоспарланған шаралардың сипаты, мерзімі мен ауқымы туралы шешімін білдіреді.
- АХС мақсаттарына сəйкес орындауы қажет басқа аудиторлық шаралар (мысалы, субъект заңгерлерінен дəлелдер алу).
Бұл аудиторлық шараларды орындау келісім жоспарын дайындау бойынша аудиттің барлық кезеңінде жүргізіледі. Мысалы, тəуекелділікті бағалау жөніндегі аудиторлық шаралар аудиттің бастапқы кезеңінде жүзеге асады. Бірақ арнайы аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімдері мен ауқымын жоспарлау нəтижелерге байланысты болады. Сондай-ақ аудитор операциялардың кейбір сыныптары, айырымы, есеп шоттары мен аудиттің маңызды жоспарының аяқталуына дейін ашулар бойынша аудиторлық шаралардың орындалуын бастауы мүмкін.
Аудит барысында жоспарлау бойынша өзгерістер
Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы аудитті жүргізу барысында қажеттілігіне қарай қайта қарастырылуы тиіс.
Аудитті жоспарлау барлық келісім мерзімінде жасалатын тұрақты жəне интерактивтік үрдіс болып табылады. Аудиторлық делелдердегі күтпеген өзгерістер мен жағдайлар аудиторға аудиттің жалпы стратегиясы мен аудит жоспарын жəне соған сəйкес аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімдері мен ауқымын модификациялаудың қажеттілігін білдіреді.Мысалы, аудитор жоспарлау кезіндегі ақпараттан ерекшеленетін ақпаратқа назарын аударуы немесе мысалы, бақылау тиімділігін тестілеу арқылы аудиторлық дəлелдерге қарама – қайшылықты аудиторлық дəлелдер алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда барлық немесе кейбір операциялар сыныбы, айырым есеп шоттары мен ашулар бойынша жоспарланған аудиторлық шаралардың қайта қаралуы негізінде қайта бағалау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет