«Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15-бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандартына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қортынды есеп жасалады.
Қорытынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттарға: 700 «Қаржылық есеп туралы қорытынды жасау және пікір қалыптастыру», 710 «Салыстырмалы ақпарат- салыстырмалы көрсеткіштер және салыстырмалы қаржылық есептілік», 720 «Аудиттелген қаржылық есептілік құжаттарындағы басқада ақпараттарға қатысты аудитордың жауапкершілігі » деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары жатады.
Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесіне есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізуі керек.
Аудиторлық қорытынды есептің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:
есептің басқалардан ерекшеленетін тақырыбы болуы керек;
есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;
есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде тексерудің жалпы көлемі, мазмұны көрсетіліп, оның құқықтық жақтары сәйкес стандарттарға жүргізілгендігі көрсетіледі.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі:
1) Тест арқылы талдау жасау - қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу;
2) Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету;
3) жалпы қаржылық есепке баға беру.
Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын, оның заңдарға, нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.
700 «Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында аудитордың шолу жасауы және қаржылық қортынды есепке қатысты пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәләлдеулер бойынша жасалынған қорытындыларды бағалау қарастырылады. Аудиторлық қорытынды есепке жалпы қаржылық қорытынды есеп беру бойынша анық жазбаша пікір болдыруға тиісті. Сондықтан білдіретін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:
Ескертусіз аудиторлық қорытынды;
Ескертулер бар аудиторлық қорытынды;
Аудиторлық қортындыны беруден бас тарту;
Теріс аудиторлық қорытынды.
Аудиторлық қорытындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы.
Қорытынды есептің атауы. Аудиторлық қортынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қортынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қортынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қортынды есептерінің арасында айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның тауында « Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етеді.
Адрес иесі. Аудиторлық қорытынды есеп жергілікті ережелер мен келісім шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуі тиісті.
Кіріспе бөлім. Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебінде қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытындыны есеппен бірдей болуға тиісті.
Қорытынды есепке қаржылық қортынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, сонымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қорытындыны есеп жайында өзінің қорытындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.
Қаржылық қорытынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпартаттар. Ондай қорытынды есепті дайындау басшылықта елеулі есепік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама-қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытындыны есеп бойынша өзінің қорытындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылады.
Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім. Аудиторлық қорытынды есепте аудиттің Халықаралық аудит стандарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады.
Аудиторлық стандарттар немесе тәжірбие ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірбие ескертіліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірбиесі есептелінеді.
Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдар болуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:
Қаржылық қорытындыға есепте ашылып көрсетілген ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру;
Қаржылық қорытындыға есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;
Қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;
Жалпы қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.
Қорытынды есепке аудиторлық қорытынды жасау үшін аудитор пікір қалыптастыруы міндетті.
Қорытынды жасау бөлімі. Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.
Аудиторлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын «дұрыс және көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген» терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қортынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғанда көрсетеді.
Қаржылық қорытынды есепті дайындау тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуы мен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігі пайдаланылатын контекст жөнінде хабардар ету үшін қорытынды «Халықаралық аудит стандартына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қортынды есепті дайындап тапсыру негізінде көрсетуге тиісті.
Дұрыс және дәл көрініс жөніндегі қортындыға қосымша ретінде аудитордан аудиторлық қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен және заңдармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қорытынды кіргізу талап етілуі мүмкін.
Есеп беру мерзімі. Аудитордың қорытынды есебінде қойылатын мерзім болып табылады. Бұл - аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандағы туралы оқырмандарды хабардар етеді.
Аудитордың адресі. Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт көрсетілуге тиісті.
Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.
Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарийлерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қорытынды жалпы қаржылық қорытынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.
Ескертусіз аудиторлық қорытынды аудитор қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді деген қортындыға келген жағдайда жасалынады.
Ескертусіз қорытындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кезкелген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қорытынды есепте ашылатындығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.
Фактіні бөліп көрсету- бұл ақпарат пайдаланушылардың назарын қаржылық қорытынды есепке әсер етуші фактілерге, сонымен бірге осы позиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі.
Фактіні бөліп көрсету ескертуі бар аудиторлық қорытынды болып табылмайды. Әдетте ол қорытынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қортындының шартты емес екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады:
Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесіне көңіл аудару үшін. Егер қаржылық қорытынды есепте тексеру нәтижелері мен бірдей ашып көрсету нәтижелері бар болса, онда аудитор ескертуі жоқ қорытынды жасауға және аудиторлық қорытынды есепті, оған қаржылық қорытынды есепке түсіндірме есептемелерге назар аудару арылы кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі: «Ескертусіз қортынды бере отырып біз сіздердің назарларыңызға қаржылық қорытынды есепке №____ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын 200_ жылдың 31 желтоқсанында аяқталған бір жылдың ішінде *** мөлшерінде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінен *** сомаға артық болады. Бұл факторлар №___ ескертпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болғандығына едәуір күмән тудырады».
Шешім табу кәсіпорынның тікелей бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалармен байланысты елеулі дәрежедегі сенімсіздік жағдайында күтпеген жағдайлар бойынша ақпараттарға жүгіну қажет. Халықаралық аудит стандарты бойынша текстің мысалы төменде қарастырылады
«Ескертусіз қорытынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке №___ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын патенттік құқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапты болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қояды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым талап бойынша алдын – ала тыңдау және соттық іс қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қорытындысын бүгінгі күні анықтау мүмкін емес және де міндеттеме туындаған жағдайда қаржылық қорытынды есепке оны жабатын резерв құрылған жоқ».
Сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебі елеулі бұрмаланған және тиісті сандық көрсеткіштер ағымдағы кезеңде соған сәйкес өзгеретін жағдайлар болады.
Барлық ескертулер аудит масштабының шектеулілігінің немесе келісе алмаушылықтың нәтижесі болып табылады.
Жалпы қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпараттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол қаржылық қортынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпартаттардың бар екендігін көрсетеді; белгісіздік жағдайында ол аудитордың ескетусіз қорытынды жасай алмауына әкеліп соқтырады.
Маңызды және елеулі ескертулердің арасындағы айырмашылық маңыздылық дәрежесімен анықталады. Бір аудитор үшін елеулі немесе басқасы үшін маңызды болып табылатын ескертулерді анықтау ушін шүбәсіз факторлар жоқ. Маңызды ескертулер тәжірибеде өте сирек кездеседі, теріс аудиторлық қортынды ешуақытта жасалынбайды, ал биржада бағаланатын кезкелген компания үшін қандайда болмасын шартты қортынды ерекше жағдай болып табылады. Шартты қортынды жасау белгілі бір зардап шегуге әкеліп соқтыруы мүмкін, мысалы қор биржасында кәсіпорын өзінің бағасын төмендетіп алуы мүмкін.
Қорытынды жасаудың барлық жағдайларында аудитор ескертулердің бпрлық маңызды себептерін дәл бейнелеуге, сонымен бірге кәсіпорын шегетін зардаптарды, егер оларды бағалау мүмкін болса, көрсетуге тиісті.
Ескертулерді бар аудиторлық қортынды жасауды қажет ететін жағдайларды анықтау және бағалау. Ескртулері бар аудиторлық қортындыны ең болмаған жағдайда ғана жасалуға тиісті. Берілген қортындының типі жайында аудиторда күмән туындайтын болса, онда ол мәселені ескертулерсіз шешуге мүмкіндік алу үшін кәсіпорын басшылары мен кеңесуге тиісті. Әдетте кәсіпорын басшылары ескертулерден аулақ болуға тырысады және сондықтан көбінесе өзінің позициясын өзгерте алады немесе аудитор кәсіпорын тарапынан ешқандай шара қоланылмайтын болса ескертулер жасалатындығы туралы клиентке емеурін білдірген жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады. Осы айтылғандардың негізінде ескертулері бар қортынды жасау кезінде төмендегі тұжырымның пайдаланатындығын атап көрсетуге болады: келесі алмаушылықтардың болуынан туындағанды «қоспағанда».
«Біздің пікіріміз бойынша жоғарыда көрсетілген фактілерді қоспағанда, қаржылық қорытындыны 200_ жылғы 31 желтоқсандағы күйі бойынща кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы сенімді және шын ақпараттар көрсетілген».
Аудитор қаржылық қорытынды есеп бойынша теріс аудиторлық қорытынды жасауға мәжбүр болған кезде, қортынды бөлімде төмендегілер қарастырылуы тиісті:
«Біздің пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген фактілердің әсер етуінен қаржылық қорытынды есеп 2020 жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл көрінісін бере алмайды».
Егер аудиторлық тексеру жүргізу процесінде аудитор тексеруді жоқтауға мәжбүр болатын және оның жүргізуден бас тартатын жағдайы туындайтын болса, онда ол бас тартуының себебін көрсетуге тиісті.
«Жоғарыда көрсетілген фактілердің маңыздылығына байланысты біз қаржылық есептілік бойынша қорытынды бере алмаймыз».
Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім.Аудиторлық қорытынды есептік аудиттің Халықаралық аудит стандарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді.
Аудиттің масштабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады.
Аудиторлық стандарттар немесе тәжірибе ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірибе ескертіліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірибесі есептелінеді.