Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары


Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі



бет33/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

2009 жылы оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану шарттары, бюджетпен есеп айрысу тәртібі өзгеріссіз қалды.

Өзгерістер салықтарды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну мерзімдеріне ғана қатысты болды.Бұл ретте, оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей салық органына табыс етіледі.Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық салық түрінде салық есептілігі кезеңінің кейінгі екінші айыдың 25-нен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

Төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналар сомаларын төлеу салық есептілігі кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.Жаңа Салық кодексінің енуіне байланысты шағын және орта бизнес субъектілері үшін корпоративтік табыс салығы бойынша есептеу және аванстық төлемдерді төлеу жағымды өзгерістер әкелді. Алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге құқылы. Көптеген кәсіпкерлер үшін ғимараттар, құрылыстар, үй құрылысы, тек жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар үшін мүлік салығын естеудің тәртібінің өзгеруіне оң әсері тиіп отыр. Яғни, машиналар, есептеу техникасы, кассалық аппараттар, жихаздар, басқа да құралдар мүлік салығы бойынша салық салу объектілері болып табылмайды. Сонымен қатар, қазір салықтық есептілік формалары оңайлатылуда, саны азайтылуда және негізінен есептілікті тапсыру мен салықты төлеу мерзімдері ұзартылуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет