Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары


VI БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР



бет35/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
Байланысты:
лекции салык

VI БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР

15 Тақырып. Алымдар, төлемдер және баждар
Лекция мақсаты: Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің экономикалық мазмұнын ашып, баяндау және салық жүйесіндегі алатын ролін толық түсіндіру.

Лекция сұрақтары:

1.Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны. 2.Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың жалпы және ерекшеленген белгілері.

3.Мемлекеттік баждың экономикалық мазмұны

Лекция мазмұны:

Алымдар – қандай да бір мемлекеттік және жеке тұлғаға мемлекеттен қандай да бір құқық беретін- біржолғы төлем. Қазақстанда қазіргі кезде мынадай алымдардың түрлері бар.

Алымдардың түрлері және олардың сипаты






Алым түрі

Қысқаша сипаттамасы

1.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге салынатын алым

- заңды тұлғалар мен олардың филиалдарының қызметін тоқтату немесе құруды мемлекеттік тіркеуден алынады

2.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуден алым

- ҚР аумағында заңды тұлға құрмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алынады

3.

Жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын келісім-шартты мемлекеттік тіркеуге салынатын алым

- жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын келісімшарт құқығын тіркеген кезде алынады

4.

Радиоэлектронды құралдар мен жоғарғы жиілікті жабдықтардымемлекеттік тіркеуден алынатын алым

- радиоэлектрондық және жоғары жиілікті жабдықтарды тіркеген кезде алынады

5.

Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді

- механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде алынады

6.

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым

7.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеген (қайта тіркеген) кезде алынатын алым

8.

Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

Қолдануға рұқсат етілген Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың дубликатын беркезде алынады.

9.

Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы бойынша жүргені үшін алым

ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алынатын алым

10

Аукциондардан алынатын алым

Аукиолндардан алынатын алым аукциондарда мүлікті сату кезінде алынады.

11

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқықығы үшін лицензиялық алым

Бұл алым-ҚР заңдарына сәйкес, лицензиялануға тиісті белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензия беру кезінде алынады.

12

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым

Ол байланыс саласындағы уәкілетті орган ҚР-ның телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берген кезде алынады

Ал 2002 – 2003 жылдарда енгізілген өзгерістерге сәйкес, Консулдық және Елтаңбалық алым алынып тасталды.

ҚР Конституциясына сәйкес, алымдарды, салықтар секілді, Парламент немесе Конституциямен қарастырылған жағдайда ҚР Президентті бекітуге хақылы.

Алымдардың өзгеше ерекшелігі сонда, олар төлеуші үшін мемлекеттік органның көрсеткен қызметіне байланысты төленеді. Сөйте тұра, алым сомасы ҚР Үкіметі бекіткен ставка бойынша есептеледі және бюджетке тіркелген орны бойынша енгізіледі. Оларды төлеу тіркеген органға қажетті құжаттарды өткізгенге дейін жүргізіледі. Төленген сома қайтарылмайды (алымды төлеген тұлғаның, тіркеуші органға құжаттарын өткізгенге дейін, тіркеуден бас тартпаса). Мемлекетпен қарым-қатынасқа түсу, заңды тұлға үшін де, жеке тұлға үшін де мәжбүрлі сипатқа ие емес. Өйткені, алым төлеуге себеп болған жағдаймен, мемлекетке өтініш берудің өзі еркін. Бұдан өзге алымға қатысты байланыста да бір жақты сипатта.

Алым заңды тұлғалардың немесе олардың филиалдарының қызметін жүзеге асыра бастағанда немесе тоқтатқандағы, мемлекеттік тіркеуден өткізгенде, сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін алғанда жиналады.

Алымды, шаруа қожалықтары, 1,2,3 топтағы мүгедектер, сонымен қатар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген оралмандардан өзге, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін жеке тұлға төлейді.

Алым банктер немесе банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен жүзеге асады немесе құзырлы органның арнайы пункттарында қатаң есепті бланктер негізінде қолма-қол ақша төлеу арқылы жүзеге асады.

Қолма-қол ақша үшін енгізілген Қатаң есептілік бланктерінің формасы және алым сомасын бюджетке төлеу тәртібі, құзырлы мемлекеттік органдардың келісімімен, ҚР Қаржы министрілігімен бекітіледі.

Аукционда сатылуға қойылған мүліктері үшін, аукционға мүлік қойған заңды және жеке тұлғалар аукцион алымдарының төлеушілері болып табылады. Алым сомасын төлеушілер өз алдына жеке, салым объектісіәне ставка қолдану арқылы есептейді.

Орындау құжаттары бойынша, орындау өндірісі органдары жүзеге асырған аукцион бойынша алымды есептеген кезде, орындаушы санкция бюджетке аударатын салым объектісінің сомасына өзгерістер енгізіледі.

Алымдарды төлеу аукционды өткізгеннен кейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленеді. Төлемақы – негізінде азаматтық-құқықтық қатынастар жатқан қайтарылатын, эквивалентті төлем. Мұнда мемлекет азаматтық құқық субъектісі ретінде жүреді. Төлемақының ерекшелігі сонда, ол түрлі жергілікті органдармен бекітіледі. Қазіргі кезде Қазақстанда мынадай төлемақы түрлері бар.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы - мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады;Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы - ол табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшін алынады;Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы - ол ағаш дайындағаны, шайыр және ағаш шырындарын дайындағаны және басқа да орман ресрстарын қолданғаны үшін алым;Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы - ол Қ.Р:-ның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік декреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады;Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы - радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы байланыс саласындағы уәкілетті орган бөлген радиожиілік номиналдары үшін алынады;Қалааралық немесе халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы - ол ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде қалааралық және халықаралық телефон байланысын беру құқығы үшін алынады;

Сыртқы көрнекті жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы - ол жалпы пайдаланудағы автомобиль жодарының бөлінген белдеуінде және ҚР-ның аумағындағы елді мекендерде плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, тарснпаранттар, афишалар түрінде сыртқы жарнамалр объектілерін орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектілеріне құқық үшін алынады.

Төлемақыны есептеу құзырлы органдардың есептеуі негізінде өкілетті огандар арқылы жүзеге асырылады. Төлемақының түрлеріне қарай, базалық төлемақы ҚР Үкіметімен бекітіледі. Сөйте тұра жергілікті органдарға төлемақының жеке түрлерінің көлемін ұлғайту құқығы берілген. Мысалы, жылдық ставкалардың негізінде бекітілген рұқсат етілген құжаттардың, техникалық көрсеткіштеріне сәйкес, байланыс саласында төлемақы, радиобайланыстың түрі мен радиожиілік спектрін қолдану аумағына байланысты.

Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарына төлемақылардың төлемін қолдану тек қана төқлемді бекіту туралы құжаттардың негізінде ғана қолданылады. Төленген төлемақыны қайта қайтарылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет