Акциздер
|
Тауардың құнына кіретін және сатып алушымен төленетін салықтың түрі.
|
Мемлекеттік төлемдер
|
Мемлекеттік органдарға және өкілетті органдарға заңды негізді іс-әрекеттер үшін төленетін міндетті төлем.
|
Салық салу бірлігі
|
Салық есептеуінде қолданылатын салық объектісінің өлшеуші бірлігі (1 тенге, 1 га, 1 метр)
|
Корпоративті табыс салығы
|
Бұл тікелей салықтың бір түрі; бұл салықты Ұлттық банк және мемлекеттік ұйымдардан басқа барлық қызмет жүргізуші резидент және резидент емес заңды тұлғалар төлейді.
|
Жанама салықтар
|
Бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланыссыз салықтар. Бұл салықтарға:қосылған құнға салынатын салықтар, акциздік салықтар, сыртқы экономикалық қызметтерге салынатын салықтар (кедендік төлемдер мен экспортқа және импортқа салынатын салықтар) жатады
|
Қосылған құнға салық
|
Бұл жанама салықтың бір түрі болып табылады. Кәсіпорынның өнім өндіру айналымының жалпы көлемінен алынып, бюджетке аударылатын салықтың түрін айтамыз.
|
Салық базасы
|
Салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқада міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
|
Үстеме пайда салығы
|
Салық кодексінде бекітілген нормативтен жоғары алынатын табысқа салынатын салық.
|
Салық жеңілдіктері
|
Заңға сәйкес салық төлеушінің жартылай немесе толықтай салық төлеуден босатылуы.
|
Салық салу минимумы
|
Салық төлеуден босатылатын салық төлеушілердің аз бөлігі.
|
Салық мөлшерлемесі
|
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын береді.
|
Салықтық үлес (квота)
|
Салық төлеушінің табысынан алынатын пайыз түріндегі салық мөлшерлемесі.
|
Салықпұл
|
Субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.
|
Салықтық режим
|
Бюджетке салық пен басқада төлемдерді төлеуде қолданылатын салық заңдылығының нормаларының жинтығы.
|
Салық міндетемесі
|
Салық заңдылығына сәйкес орын алатын салық төлеушінің мемлекет алдындағы салық органында арнайы салық тіркеушінің тіркеуінен өтуі, салық салу объектісін анықтауы, мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлеуі туралы міндеттемесі.
|
Салық кезеңі
|
Жеке салықтар мен басқа да міндеттемелерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі.
|
Салық жүйесі
|
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру меналудың нысандары мен әдістерінің салық қызметі органдарының жиынтығы
|
Салықтар
|
Белгілі бір көлемде, белгілі бір уақытқа сәйкес алынатынмемлекетпен бекітілетін міндетті төлемдер.
|
Салық салуды ұйымдастыру
|
Салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын сандай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс қимылдың тәсілдерін біріктіретін салық механизімін құру мен жүзеге асыру үрдісі.
|
Төлемақылар
|
Жер учаскелерін, су қорын және т.б. табиғи қорларды пайланғаны үшін және қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақшалай төлем.
|
Төлемдер
|
Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Төлемдердің тіркеуге арналған, кедендік, соттық, пошталық, мүрагерлік, патенттік, биржалық және т.б. түрлері бар.
|
Роялти
|
Пайдалы қазбаларды игеруге төленетін төлем түрі.
|
Арнайы салық режимі
|
Салық төлеушілердің жекеленген санаттарына – шағын бизнес субъектлері, шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар –ауыл шаруашылығ өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салық төлеудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп-айырысудың ерекше тәртібі
|
Алымдар
|
Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдарға тіркеуге алғандары үшін және қозғалмалы мүлікке иелік ету куәлігі үшін төлейтін міндетті төлемінің түрі.
|