Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары


БӨЛІМ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР



бет8/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90
Байланысты:
лекции салык

2.БӨЛІМ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

4.Тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық
Лекция мақсаты - Көлік салығын төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салықтық кезеңдері, салық ставкалары, салықты есептеу механизмі,салықты төлеу және есептеу тәртібін қарастыру болып табылады.

Лекция сұрақтары:

  1. Көлік салығының экономикалық мазмұны. Көлік салығын төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салықтық кезеңдері.

  2. Көлік салығының ставкалары, салықты есептеу механизмі.

  3. Көлік салығын төлеу және есептеу тәртібі.

Лекция мазмұны:

Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер болып меншік құқығында, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері табылады.

Салық салу объектілері:үкіметті мемлекеттік тіркеуде жататын және есепте тұрған төлемқұралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.

Ал, жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.

Бұл салық түрінің өзіндік төлеу мен есептеу тәртібі бар.жекелеген жағдайларда салық төлеуші салық сомасын салық заңдылықтарына сүйене отырып, салық салу объектісі арқылы, салық ставкалары, әрбір көлік құралдары бойынша түзету коэфицентін қолдана отырып есептейді. Сонымен бірге салықты бюджетке төлеу объектінің тіркелген жеріне байланысты төленіп отыру керек.

Көлік құралдарына салынатын салықтың ерекше тәртібі бар, ол 4-кестеде көрсетілген.

Ерекше атап өтетін бір жәйт, заңды тұлғалардың көлік салығын өздігінен есептеуі бірқатар себептермен көптеген қателердің пайда болуына және салықтың бюджетке толық түспеуіне алып келуі мүмкін. Келесілерді атап айтуға болады:- кәсіпорынның балансындағы көлік құралдарын жол полициясы басқармасының мемлекеттік есебіне өткізбеу;жол полициясы органдарының мемлекеттік есебінде тіркелмеген көліктік техниканы кәсіпорын территориясында жұмыс істеу үшін пайдалану;жеңіл автомобильдері көлік құралдарының техникалық паспорттарында двигательдердің көлемі туралы мәлімет текше сантиметрмен берілмеуі, ол техникалық құралдардың қуаттылығын дұрыс анықтауды қиындатады;көлік құралдарын толық тозуы салдарынан кәсіпорынның баланысынан шығарып тастау бірақ, жол полициясы басқармасына мұндай мәліметтерді бермеу салықты төлеу қажеттілігін туындатады;бухгалтердің көліктер түрлерінің ерекшеліктерін білмеуі және бос механик немесе жүргізушінің берген ақпараттарына сүйенуі;көлік құралдарының техникалық сипаттамаларының анықтамалықтарының болмауы. Көлік құралдарына салықты есептеу үшін көрсеткіштер бойынша іріктеу жасау қажет.

Қазақстанда “Көліктік ғылыми-зерттеу институты” ЖАҚ бар. Оның қызметіне жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу кіреді. Осыған байланысты барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер осы ұйымнан салық төлеу мақсатында үнемі көлік құралдарының қандай да бір объектілері туралы ақпаратты алып отыруға міндетті. Көлік құралдары салығын есептеуге қатысты мәліметтердің барлығы көрініс табатын маңызды құжаттардың бірі декларация болып табылыды.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық кезеңінің 1-шілдесінен кешіктірмей жүргізіледі. Салық төлеуші заңды тұлғалар (ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерін үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлік құралдары салығы бойынша декларациялық есепті кейінгі жылдың 31-науырызынан кешіктірмей салық органдарына табыс етеді.Жол полициясы органдары көлік құралдары тіркеу қайта тіркеу немесе техникалық тексерістен өткізген кезде оның иелерінен көлік құралдары үшін салықты толық төлегенін растайтын құжатты талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет