Лекция мәтіні (қысқаша)



Дата03.11.2023
өлшемі16,03 Kb.
#121773
түріЛекция

1- тақырып. Тілдік қатынас – тіл білімінің жаңа саласы.
Жоспары:
1. Тілдік қатынас негіздері пәні, мақсаты мен міндеттері
2. Тілдік коммуникация мәселесі.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Тілдік қатынас пәнінің мақсаты – студенттерді тілдік қатынас (языковая коммуникацияның) мәселесінің басты қағидаларымен, ережелерімен, заңдылықтарымен, ұстанымдарымен таныстыра келіп, оларға адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын меңгерту.
Аталмыш пән тілдік қатынастың негізгі сипатын, құрамы мен басты қағидаларын, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін қарастырады. Тілдік қатынас негіздері жеке пән ретінде ұсыныла отырып, студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, сөйлеу мәдениетіне байланысты іскерлігін қалыптастырады.
Тілдік қатынас негіздері мынадай мәселелерді қамтиды:
• Тілдік қатынастың ерекшеліктерін, оның методологиялық негізін білу;
• Тілдік қатынасты іске асырушылар мен хабардың ерекшелігін меңгеру;
• Тілдік қатынастың құрамын, олардың қолданылу ерекшелігін игеру;
• Қатысымдық тұлғаларды ажырата білу және оларды дұрыс пайдалану;
• Сөйлесім әрекеті және оның түрлерін жан-жақты меңгеру.
Тіл адамзаттың ойлау, пайымдау процесімен бірлікте іс жүзіне аса отырып, тілдік қатынастың негізі, басты құралы болып табылады. Осы қарым – қатынас құралы болып табылатын тілді ғалымдар әр қилы ерекшеліктеріне қарай жан – жақты зерттеп келеді. Тілдік қатынастың ғылыми негіздері психология, философия, социология, әдістеме, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі қарым – қатынас құралы тілге байланысты. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қатысымдық ерекшеліктерін қамтиды. Оның педагогикалық негізі тілді оқытуға қатысты білім жүйесіне, оның мазмұны мен сапасына, қатысымдық тұлғалардың тәрбиелік мәніне сүйенеді. Олар әдістеме ілімінің басты принциптері мен оқытудың әдіс – тәсілдеріне сай дамиды, жетіледі. Тілдік қатынастың психологиямен байланысы тіл, ойлау және сөйлеу процестеріне келіп тіреледі.
Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас ғылыми мәселе ретінде теориялық жағынан да, әдістемелік жағынан да арнайы зерттелген емес, сол себепті осы уақытқа дейін ғылыми оралымға енген оның терминдері де қалыптасқан жоқ.
Тілдік қатынас (ТҚ) – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс. Сондықтан тілдік қатынасқа байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау; айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу қазіргі өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы мәселелерді жан-жақты оқыту мен үйрету олардың ғылымда өзіндік анықтамасын беруді, тілдік қатынас құбылысын теориялық және әдістемелік жақтан арнайы зерттеуді қажет етеді.


Бақылау сұрақтары:
1. Тілдік қатынастың өзекті мәселе ретінде қарастырылуы

  1. Тілдік қатынас – тіл білімінің жаңа саласы.

  2. Тілдік коммуникация мәселесі.

  3. Тілдік қатынастың тілі білімімен байлынысы



Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2000.

  2. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. –Алматы: «РБК», 1995.

  3. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. –Алматы: «РБК», 2005.

  4. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. –Алматы: «РБК», 2005.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет