Лекция Құпиялау теориясы Кодталу теориясының негізгі ұғымдары және анықтамалары Алфавиттік кодтталу. Оптимал кодталу. Қателерді табу және өңдеу кодттары



бет1/10
Дата12.01.2023
өлшемі198,4 Kb.
#61116
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
15-лекция


15-лекция
Құпиялау теориясы


1. Кодталу теориясының негізгі ұғымдары және анықтамалары
2. Алфавиттік кодтталу.
3. Оптимал кодталу. Қателерді табу және өңдеу кодттары.
4. Декодталудың бірмәнділік критериі.
____________________________________________________________

Құпиялау теориясының қарапайым формасы адам баласы жаратылып нәрселерге атама бере бастаған дәуірден басталған. Табиғаттағы барлық жанзатты немесе өсімдік әлемін әр бір ұлт өз диалекті арқылы атап-кодтап көрсеткен. Ал, өзіміздің нәресте жаңадан дүниеге келгенде ат қоюда осыған сәйкес, яғни барлығымыздыңда аталуымыз-кодымыз бар. Бірақта бұл атамалар құпия код емес, құпиялау-кодтау өмірдің кейбір бағыттарындағана қажет болады. Әлбетте кеңес кезіндегі жаратылған көптеген киноларда, әсіресе соғыс заманындағы «разветчик»тердің Морзе әліппесі арқылы түймені басып, олардың нешеуі қолға түсіп, оны қарсылас жақ дәл шешімін ашып-декодтап жатқан кезеңдерді көптеп көргенбіз. Бірақта, айтқандарымыз әншейін бір процес ретінде көрінгенімен қазіргі кезенде ол математиканың бір бөлігі ретінде дискреттік математиканың негізін құрайтын бір пән немесе бағыт болып ғылыми қоғамға кіріп келді.


Ал, осы қолымыздағы жұмыс құпиялау немесе кодталу теориясы және оның қасиеттеріне арналған. Бөлім қарастырылып жатқан теорияның негізін құрайтын жаңа ұғымдар және анықтамаларға арналған, мұнда сонымен бірге кодталудың түрлері: алфавиттік және оптимал кодтаулар, осы кодталу кезінде болуы мүмкін болған қателіктер және оны өндеу тәсілдері қарастырылған.
Екінші бөлім қарастырылып жатқан кодталу теориясына кері мәселе, яғни декодталу-құпияны ашу мәселесіне арналған. Мұнда, декодталудың бірмағыналық критерилері және оны іске асырудың тәсілдері және сонымен бірге Хемминг декодталу қасиеттері көрсетілген.
Негізгі бөлімде кодталу теориясына байланысты математикалық заңдылықтар және олар үстіндегі зерттеулер қарастырылған. Кодталу теориясына өте қажетті болған кодталудың кестелік сипаттары, кодталуды бағалайтын теңсіздіктер, кодталу бағалары, кодталудың қашықтықтары және т.б. ғылыми зерттеулер қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет