Августиннің пікірінше, тарихтың барысы - екі қарама-қарсы патшалықтың күресі - «Құдайы қаласының» және «Жер бетіндегі қаланың» «Құдайы қаласы» ─ ол шіркеуде біріккен адамдар. «Жер бетіндегі қала» - мемлекеттік мекемелер, өкімет, әскер, заң, император арқылы іске асады. «Жер бетіндегі қала» күнәға толы және олардың iшiнде пұтқа табынушылар да бар. Оны Құдай бір кезде жеңеді. Августин Аврелий (354-430 жж.)
Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо).
Томас Гоббстың ойынша, адамдарды коғамга біріктіретін күш - тек қана өзара күрес, тоқтаусыз соғыстың қауп-қатерінен қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып. оның үстемдігін мойындауы қажет. Джон Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және кұқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс. Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) теңсіздіктің себебін жеке меншіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Бақытты қоғамды орнату үшін жеке меншікті жоюға шақырады
Томас Гоббс (1588-1679) Джон Локк (1632-1704) Жан-Жак Руссо (1712-1778)
Марксизм: қоғам туралы жаңа түсінік
Карл Маркс 1818-1883 Фридрих Энгельс (1820-1895) К. Маркс бұрыңғы философияның қоғам туралы түсініктерінің анықсыздығын, “робинзонада” мен “левиафанаданың” негізгі кемшілігін: адамды қоғамнан бөліп алып қарауын – жеңіп шығып, қоғам туралы жаңа ғылыми-философиялық анықтаманы берді: - “Қоғам - бұл басқа адамдармен қатынастардағы адамның өзі”
“Қоғам - бұл адамдардың өзара әрекеттесуінің өнімі”. Маркс қоғамның материалдың іргетасын материалдық өндіріс құрайды деп, қоғамның әрекет етуі мен дамуының негізгі төрт заңдарын атап көрсетті: