Қоғамды әлеуметтік философия зерттейді Философиялық мағынада, қоғам– бұл табиғаттан бөлініп шыққан және өз әрекеті мен даму заңдарына ие болып тұрған объективті дүниенің бір бөлігі . Бұл мағынада «қоғам» ұғымы «материя қозғалысының әлеуметтік формасы», «әлеуметтік шындық», «әлеумет» деген сөздермен де беріледі. Қоғам - бұл жері, дәуірі, дәстүрі ортақ болып тұрған және мәдениеті арқылы біріккен адамдардың әрекет етуі мен өмір сүру жүйесі
Антика философиясында «қоғам» және «мемлекет» ұғымдары бір-бірінен айырылмай, синонимдер ретінде қолданылған. Платон «Заңдар» атты диалогта «…ежелгі қоғам тауда көшіп-қонып жүретін малшылардың отбасыларынан тұрған, оларды ақсақал басқарған... Осыдан ақсақалдың үстемдігі ретінде мемлекет пайда болған…». Платон мінсіз (идеалды) аристократиялық мемлекет туралы ілімді ұсынған. Ол азаматтарды үш топқа бөледі: билеуші-данышпандар, жауынгер-әскерлер, «демос» (егіншілер, қолөнершілер. саудагерлер). Мемлекет дәрежесiнiң биiктiгi - оны философтар билегенде көрiнедi. Платон (427-347 до н.э.) «Государство» Аристотель (384 – 322 до н. э.) «Политика» Аристотелъдің пікірінше, адам — «қоғамдық жануар», «саяси жануар». Мемлекет – үлкен отбасы. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы — онда көптеген әлеуметтік қатынастардың өріс алғандығы.