Лекция Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде


Лекция 15. Психодиагностикалық информацияны түсіну



бет15/15
Дата16.06.2023
өлшемі132 Kb.
#101755
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Жарыкбаев К УМКД

Лекция 15.
Психодиагностикалық информацияны түсіну
Түсіну психодиагносттың кәсіби абілеттердің құрылымындағы жалпы психологиялық компоненттерінің бірі. Спецификалық функциясы бойынша және сонымен байланысты түсіну ерекшеліктері бойынша практикалық психологтың 4 әрекет үлгісін шығаруға болады:

  1. Аналитикалық түсіну адамның ішкі дүниесін, мотивтерін түсінуге тырысатын психоаналитик жұмысына тән .

  2. Терапиялық түсіну адамның өмірге деген қатынасын өзгертуге тырысатын психотерапевтке тән

  3. Педагогикалық түсіну адамды жетілдіруге, дамытуға бағытталған түсіну

  4. Психодиагностикалық түсіну. Оның ерекшелігі психодиагностиканың анықтамасынан туындайды: «Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтау, талдау, олардың стандарттаға сәйкестігін тексеру». Психодиагност үнемі нормативті білімдерге негізделу керек, бұл психодиагностикалық түсінудің ерекшелігі. Психодиагностикалық зерттеу міндеттері, салалары әр түрлі болсада бәрі бір психодиагност адамды бағалау керек. Ол үшін үнемі психодиагност санасында қалыптасқан нормативті эталондар, схемалар, стандарттар болады, солармен салыстыру арқылы әр түрлі, жан-жақты кейде қарам-қарсы психодиагностикалық информация түсініледі. Психодиагностикалық процесстегі түсінудің нәтижесі психологиялық диагноз болады. Психологиялық диагноз -«нормативті» күй және ауытқу туралы көзқарасқа негізделген адамның қазіргі күйі туралы бағалаушы қорытынды.

Психолог-психодиагност әрекетіндегі «бағалушы» функция психодиагностикалық процесстің барлық кезеңдерінде белгілі бір мөлшерде көрінуі тиіс, бірақ психодиагностикалық процесстің соңғы кезеңдерінде бұл функцияның ролі өсе түседі. Психодиагностикалық информацияны жақсы түсінуге көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ішінен кәсіби тәжірибе, когнитивті стиль және тұлғаның бағытталуын ерекше бөліп көрсетуге болады. А.М. Ким эксперимнталды зерттеуде көрсеткендей түсінудің эффективтілігі адамның гедонистік бағытталуымен тығыз байланысты екен. Когнитивті стильдердің арақатынасы түсіну стильдеріне әкеледі. А.М. Ким эксперимнталды зерттеуде көрсеткендей егер адамда когнитивті стиль жақсы қалыптасқан болса, оның түсіну эффективтілігі жоғары болады екен. Диагностикалық әрекеттің ерекшеліктеріне сәйкес психодиагностикалық түсінуде ең алдымен түсіну-тану маңызды орын алады. Өйткені түсіну-тану үнемі қалыптасқан схема, паттерн, стандартқа негізделген. Сонымен, психодиагностикалық процесстегі түсіну деңгейлерін эмоционалды мазмұны бойынша әр түрлі схемалар ретінде қарастыруға болады.

  1. Бірінші деңгейде психодиагност анықтаған мәліметтерді нормативті білімдермен салыстырады. Бұл жерде аффект пен интеллект байланысты емес болады. 2. Алынған мәліметтер жалпыланған бейнемен салыстырылады, және алынған информацияның нормативті нформациядан ауытқу мөлшері анықталады.

3. Шебер-психодиагност деңгейі. Норма түсінігінен бас тартып, әр адамның жағдайы жеке дара, ерекшелік ретінде қарастырылады. Осындай психодиагнсттардың әр қорытындысы ерекше, басқаларға ұқсамайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет