Практикалық жұмыс №3 Тақырып: Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау Бақылау сұрақтары



бет1/3
Дата25.09.2022
өлшемі23,02 Kb.
#40153
  1   2   3
Байланысты:
ПС 3


Практикалық жұмыс №3


Тақырып: Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау


Бақылау сұрақтары:
1. Жеке тексеру әдістері неге негізделген?
2. Компаратор дегеніміз не?
3. Тiкелей өлшеу әдiстерін қай кезде қолданады?
4. Өлшеу әдістерінің қандай әдістерін білесіз?

Өлшеу құралдары деп өлшеу кезінде колданылатын және нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдарды айтады.


Эталондар - ресми түрде бекітілген және өлшеу құралдарын тексеру сұлбасы бойынша оның мөлшерін беру мақсатымен физикалық шама бiрлігiнің өлшемін сақтау және қайта жандандыруын қамтамасыз ететін жоғары дәлдікті өлшеу кұралдары. Оларға метрдiң мемлекеттік прототипі, ұзындық түпкілікті өлшем эталондық жинағының бірінші, екінші, үшіншілері жатады. Біріншi эталондар ұзындығын метр прототивімен тексереді, екіншлерді біріншімен, ал үшіншілерді екіншімен.
Қазақстан Республикасының эталондық базасы. Қазақстан Республикасының эталонды базасы елдегі өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің маңызды элементіне жатады. Республикада эталон базасы (2003 ж.) 20 мемлекеттік эталондардан тұрады, олардың ішінде: шамалар бірлік мөлшерлерін, эталоннан немесе бастапқы үлгілі құралдарынан төмендеу құралдарына беру тәртібі тексеру сұлбасына сәйкес бекітіледi. Көрсетілген өлшеу құралдарының дәлдігі бір сатыдан екінші сатыға ауысқанда 1,60003 есе азаяды.
Үлгілі өлшемдер мен приборлары зертханалық және зауыттықты өлшемдерді тексеру және градуировкалы жинауға арналған. 1-ші разрядты үлгілі өлшемдер үшінші эталондармен, 2-ші разрядтілерді 1-ші разрядты үлгілі өлшемдермен, 3-ші разрядты 2-ші разрядты өлшемдермен тексереді.
Цехты өлшемдер мен приборлар бұйымдарды тексеруге қолданылады. Бұл өлшемдер мен приборлар зертханада үлгілі өлшемдер мен приборлар бойынша тексеріледі. Елдегі өлшеудің бірлігімен дұрыс жүргізілуін мемлекеттік және ведомстволық микрометрлік және басқа метрологиялық қызметтен тұратын бірыңғай метрологиялық қызмет қамтамасыз етеді. Оларды басқару Мемстандартқа жүктелген. Метрологиялық қызметтердің әрекеттері өлшеудің бiрлігін қамтамасыз ететiн мемлекеттік стандарттар жүйесімен анықталады, ол стандарттар 8 санымен басталады (ГОСТ-8.002, ГОСТ-8.009, ГОСТ-8.061 және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет