Лекция Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде


Сызықтық емес стандартизация



бет5/15
Дата16.06.2023
өлшемі132 Kb.
#101755
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Жарыкбаев К УМКД

Сызықтық емес стандартизация. Егер эмпирикалық үлестірім қалыпты болмай шықса жүргізіледі. Ол үшін процентильдік нормализация жасалады: қалыпты үлестірімдегі топтардың процентильдік шекараларына сәйкес келетіндей эмпирикалық үлестірімдегі топтардың процентильдік шекараларын табу арқылы «шикі» балдарды стандартты шкалаға ауыстыру. Процентильдік нормализация қалыпты емес үлестірімді жасанда түрде қалыпты түрге әкеледі.
Процентильдік нормализацияның процедурасы.

  1. Алғашқы «шикі» балдар процентильдерге ауыстырылады. Процентиль- осы зерттелінуші алған балға тең немесе төмен бал алған зерттелінушілердің процентке шаққандағы саны 2. Процентильдер процентильдердің қалыпты үлестірім үлгісіне сәйкес сигма-көрсеткіштерге ауыстырылады.

Лекция 5.
Сенімділік
Сенімділік – зерттеудің шарттары өзгергенде , әр түрлі эквивалентті тапсырмалар жиынтығын қолданған кезде, әр түрлі уақытта тестті қайталап жүргізген кезде көрінетін, тест нәтижелерінің турақтылығы. Сенімділік тесттің кездейсоқ факторларға қатысты турақтылығы. Қаншалықты тест көрсеткіштеріндегі анықталған жеке дара айырмашылықтарды «нағыз» айырмашылықтарға жатқызуға, ал қаншалықты кездейсоқ қателердің әсеріне жатқызуға болатындығын сенімділік көрсетеді. Психометрика тілімен айтқанда сенімділік өлшемдері жалпы дисперссияның (жалпы өзгергіштік) қандай бөлігін қателер дисперссиясы құрайтынын көрсетеді.
Сенімділік түрлері.
1.Ретесттік сенімділік. 2. Тесттің параллельді формаларының сенімділігі.
3. Тесттің гомогендігі, немесе тест тапсырмаларының үйлесімділігі.
Ретесттік сенімділік – бір таңдау тобында тестті қайталап жүргізу арқылы, содан кейін екі тест көрсеткіштері арасындағы корреляция коэффициентін есептеу арқылы анықталады. Егер тест интервалды шкала деңгейінде болса, онда Пирсонның корреляция коэффициенті қолданылады. Егер тест реттік шкала деңгейінде болса, онда Спирменнің корреляция коэфициенті қолданылады. Егер корреляция коэффициенті 0,8 тең немесе жоғары болса, онда тест сенімді деп қарастырылады. Сенімділік коэфициенті негізінде «өлшеудің стандартты қатесі» есептеледі. Өлшеудің стандартты қатесі неғұрлым аз болса, тесттің сенімділігі сол ғұрлым жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет