Лекция сабақ Текемет бұйымдарын талдау бойынша эссе жазу



бет2/2
Дата14.10.2022
өлшемі389,63 Kb.
#43165
түріЛекция
1   2
Байланысты:
AVKELTDLSCLB13102022202413

Ойлан. Текемет. Триптих. Ортанғы бөлігі. 65х80.2015.
Текемет картина – сәндік бейнелеу әдісімен орындалған. Картинадағы көріністер ою-өрнектерге жақын символдық бейнелеумен сипатталған. Колориті - жылы түстердің бірлігін құрамдаған. Текемет бетіндегі түстер, боялмаған түстер және боялған түстер болып екіге бөлінеді. Боялмаған түстерге табиғи жүннің түстері алынған болса, боялған түстерге қолдан боялған жүннің қызыл, сары, қоңыр түстері алынады.
Шығарманың идеялық мазмұны – жауынгерліктің ата-салтын насихаттау мен өмірдегі қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрестің байланысын сипаттау.
Суретші Жақып Құттыбектің текемет-шығарма өнерінің мазмұнын зерттеу негізінде қойылған міндеттер мен эксперименттік жұмыстардың нәтижелері текемет-шығарманы талдаудың ұсынылып отырған әдістемесінің тиімділігін, «Текемет шығарма», «текемет өрнегі», «текемет композициясы», «текемет колориті» ұғымдарын зерттеу нәтижесінде оларға жан-жақты сипаттама беріліп, анықтамалары жүйеленіп, олардың өзара байланысы көрсетілді. «Текемет-шығарма» ұғымы зерттеуіміздің тақырыбына сәйкес нақтыланды, жүйеге келтірілген анықтамалар мен түсініктер негізінде «картина-текемет» тұжырымдамасы жасалды, даму негізі мен бағыты құрамдалды. Суретші Жақып Құттыбектің текемет-шығарма өнерінің мазмұнын зерттеу негізінде оның ерекшеліктеріне сипаттама берілді. Суретшінің текемет-шығарма шығармаларын холистік, нарратологиялық талдау әдістері көркемдік сынның ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырылды. Суретші Құттыбек Жақыптың шығармаларын талдаудағы өлшем деңгейі: шығарманың идеясы, композициялық құрылымын, түстік шешімін, бейнелеу әдісін, орындау техникасын өлшеу болып танылды. Текемет-картинаның танымдық құрылымдық моделі болып, мотивациялық, бағалаушылық, өнімдік және олардың компоненттерінің бірлігін талап ететін индикаторлар негізінде анықталды. Суретші Жақып Құттыбектің текемет- шығармалары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік орны бар дара туындылар болып табылады.

Заманауи өнертанудағы структурализм - өнер шығармаларын (графика, кескіндеме, сәндік өнер, мүсін, этнодизайн т.б.) талдау барысында қолданылатын әдістерді анықтауға негіз болады. Сәндік қолданбалы өнерді талдау көлемді сәндік бұйымдар және жазықтық бетіндегі сәндік өнер бұйымдарын талдау болып екіге бөлінеді. Бұларды талдау құрылымы бірдей бола бермейді. Көлемді сәндік өнерді (бесік, күбі-піспек, келі - келсап, асадал, торсық, ер тұрман, қару жарақ, т.б.) талдау барысында құрылым бұйымның қолданылу мен форманың сәйкестігі, бұйымның композициясы, бұйымның түстік шешімі, бұйымның орындау техникасы болып жинақталады. Жазықтық бетіндегі сәндік өнерді (гобелен, кілем, алаша, текемет, жүк жапқыш, т.б.) талдау барысында құрылым бұйымның идеясы, композициясы, түстік шешімі, орындау техникасы болып жинақталады.


Қорыта айтқанда бейнелеу өнерінің өнертануында шығармалардың көркемдік өлшемдерін анықтаудың ұтымды әдістері қатарына бейнелеудің сәндік бейнелеу, болып анықталатын көркемдік әдісін қосуға болады. Бұл әдістерді бейнелеу шығармаларының өнертанымдық көркемдік өлшемдерін анықтауда – ұтымды талдау әдісі ретінде қолданылуға болатының тәжірибе көрсетті. Этнодизайнерлер шығармашылығындағы сәндік бейнелеу тәсілдерін зерттеу нәтижелерін қорыта айтқанда, Ғани Иляев -өмірдегі шынайы көріністерді ою-өрнектермен салған шебер, Құрас Тыныбеков -Қазақстанға гобелен өнерін тұңғыш рет алып келген кәсіби гобелен шебері. Батырбек Өтеп - ата-баба салт-дәстүрлерін гобелен өнері арқылы бейнелеу үлгісін көрсеткен суреткер, Зейнелхан Мұхаммеджанұлы шығармаларының көркемдік өзегі -кесте өнерін жоғары шығармашылық деңгейіне көтерген шебер. Бұл суретшілерге ортақ қасиет ұлттық мәдени құндылықтар мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көркемдік мүмкіндіктер арқылы картина деңгейіне көтерген суреткерлер деп бағалау орынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1.Алпатов М.В. История культуры. СБП: Истрия искусства.2007.-с.269.
2.Алехин А.Д.Об языке изобразительного искусства.М.:Знание.1973.-с.69.
3.Гомбрихт Э. Өнер тарихы. Ұлттық аударма бюросы. Астана.2019- 654 б.
4. Сайд Э. У. Орентализм. -Алматы:Өнер. Ұлттық аударма бюросы қоры. 2019. -328 б.
5.Әденова Л., Қожағұлов Т. Зергерлік өнер нақыштары. - Алматы:Аспантау, 2018. -209б.
6. Мұхажанова Г. «Иляев Гани» Альбом. - Алматы: Өнер. 1986. - 103 б.
7. Титенов В. З. Қазақстан халқының өнері. -Алматы:Өнер. 2017. -280б.
8. Ералин Қ. Суретші Ғани Иляевтің өмір көріністерін ою-өрнектермен бейнелеу әдістері. «Қазақ суретшісі Ғани Иляевтің туғанына 100 жыл» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. // - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 12-14 б.
9. Труспекова Х. Жаңа заман сәулеті. -Алматы:Аспантау. 2018. -200б.
10. Зергерлік өнер әлемі. -Алматы. Қазақпарат. 2017. -246 б.
11. Құрасбек Тыныбеков 70 жылдығына арналған көрме каталогы. -Шымкент. :Бейнелеу өнері музейі. ОҚО мәдениет басқармасы. 2017. -25б.
12. Ералин Қ. Суретші Айнабек Оспановтың шығармашылығындағы концептуальдық стиль. // Ясауи университеті хабаршысы. №2 (108) Сәуір-маусым. -Түркістан:Тұран,2018-132-141 б.
13. Ералин Қ. Этнодизайн. Оқу құралы. -Алматы:Эверо. 2018. -240 б.
14. Kamak A., Auelbekov E., Beisenbekov Zh., Zholdasova. B., Sadibek. A. Perceptional Peculiarities and Selective Attitude of Teenagers towards the Pieces of Traditional Applied and decorative Arts. International Journal of Environmental and Science Education (Turkey). ISSN 1306-3065, vol. 11,no. 18,12099-12408,2016. Scopus
15. Ералин Қ. Өнер шығармаларын қабылдау. -Алматы:TechSmith, 2019, -120 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет