6 Лекция сабақ
Текемет бұйымдарын талдау бойынша эссе жазу
Сабақтың мақсаты: талданатын құбылыс этнодизайн бұйымдары туралы білімін практикада қолдануға білімгерлерді үйрету; этнодизайн бұйымдары процесті талдауға жаттықтыру; этнодизайн бұйымдары процессі бойынша жұмыс жоспарын құрамдауға білім алушыларды үйрету;
Сабақтың міндеттері: білім алушыларды процесті талдауға жаттықтыру; нысанды материалда орындау бірізділігін сипаттауға машықтандыру, процес бойынша сипаттама жазуға жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: этнодизайн шығармаларының түрлі түсті иллюстрациялары, шағын көлемді моделдері; виртуалдық құралдар; процестің мазмұндық, динамикалық-сипаттық моделін көрсететін таблицалар; схемалар, графиктер т.б.
Сабақта қолданатын оқыту әдістері: топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, IT әдісі, проблемалық шығарма әдісі, модульдік оқыту технологиясы.
Білімді сабақта бақылау формалары: тест, жазбаша жазу, ауызша сұрау, презентация, глоссарий, библиография, жоба қорғау, шығармашылық, тәжірибе жасау.
Сабақтың нәтижелері: білімгерлер нені білуі тиіс: құбылысының түсініктерін, анықтамасын, қағидаларын, әдістерін, технологиясын, нәтижелерін, құралдарын т.б.. Білім алушы нені орындай алуы тиіс: нысанды талдау жасауды, шығармашылық іс-әрекетті жоспарлауды; жаттығу қимылдарын кезең-кезеңмен орындауды; аяқталған іс- әрекеттің өлшемдерінің норма деңгейлері.
Білім алушы қандай дағдыны меңгеруі тиіс: диагностикалық талдау, шығармашылық іс- әрекеттің динамикасын сараптау; іс- әрекетті жоспарлау; жұмыс мазмұнын анықтау; жұмысты жүйелі ұйымдастыру; атқарылған жұмысты талдау, жұмыс сапасын бағалау.
Сабақтың мазмұны: сабақтың бірінші бөлімі - талданатын нысан, үдеріс, құбылыс туралы қысқаша түсінік беру; екінші-талданатын нысан, үдеріс, құбылыс туралы (картина немесе бұйым) туралы (идеясы, формасы, композициясы. колориті, стилі, орындау техникасы туралы) сипаттама жазу әдістерін көрсету; үшінші бөлім – білім алушылардың зерттеу нысаны туралы сипаттама жазу жұмыстарын орындауына басшылық жасау; төртінші бөлім – талданатын нысанның суретін салу.
Бейнелердің композициялық құрылымы күрделі, көрініс композициясы абстракциялық бағытта сомдалған. Туындыдағы әрбір көрініс бір-бірімен тығыз байланыста үйлесім тапқан, композицияның көрініс бейнелері кестемен тоқуға лайықты болып ыңғайластырылған. Кесте шеберінің кестелі сурет композициясын салуы, өзіндік даму жолы бар заңды құбылысқа айналдырылған. Жүннен иірілген жіптер арқылы мата бетіне кестемен композициялық сурет салу шеберлігі жоғары деңгейде меңгерілген.
Темірқазық. Текемет.130х140.2013 ж.
Кестемен салынатын сурет, композиция заңдылығымен үйлесімділікте берілген. Мата немесе кенеп бетін жүн жіптермен сәндеп көмкеру барысында, көркемдеп тігудің әр түрлері әдістері пайдаланылған. Туынды мазмұны философиялық тереңдікпен ұсынылған. Ұлы даланың символдық мәні, дәстүрлі кәсіби тоқуға енгізілген. Әуенді композиция құрау іс-әрекеті жетік меңгерілген. Түс пен жарықтың үйлесімділігі кестелеп тоқу барысында ұтымды берілген[13. 25 б.]. Суретші Құттыбек Жақыптың «Темірқазық» атты текемет шығармасыеда кеңістік көріністері ою-өрнектер түрінде берілген. Дүниенің төрт бұрышы, жер шары мен түнгі аспан әлемі символдық белгілер түрінде табиғат құбылыстарын елестетеді. Композициялық орталықта орналасқан темірқазық жұлдызының бейнесі ерекше көз тартады. Картинаның түстік шешімі жылы түстерге бірікен. Картинадағы түстердің саны шектеулі болғанымен суретшінің көркемдік идеясы болып табылатын Темірқазықты оқшаулап көрсетуі композициялық шешімін сәтті тапқан. Қолданған материал - киіз, табиғи жүн мен боялған жүн аралас қолданылған. Туынды киіз басу технологиясы бойынша орындалған.
Ойлан. Текемет. Триптих. Сол жағы 65х80. 2015.
Суретші Құттыбек Жақыптың «Ойлан» атты текеметі триптих шығарманың сол жағы адам ойының бейнелік сипатын берген. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынасынан туындап отырады. Адам ойының мазмұны —шындық. Ғалымдар ойлау дамудың қозғаушы күштерідеп таныған. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы. Қорыта келе айтқанда суретші Құттыбек Жақып ойлан атты картинасында шым-шытырық ойдың образын беруге ұмтылыс жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |