Лекция сабақтардың НҰСҚаулары мамандық 3 кредит Құрастырушы: философия ғылымдарының кандидаты, Нығметова Ә. Т



бет18/29
Дата29.03.2023
өлшемі115,74 Kb.
#77296
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
2022-2023 ЛЕКЦИЯ

Ортағасырлық исламдық Шығыс

  • Филология және жаратылыстану ғылымдарының дамуымен бірге Бағдат халифатында және Араб мемлекеттерінде ғылыми орталықтар ашыла бастады. Олар: VIII ғасырда грамматикалық мектептер Басра, Куфе және Бағдатта ашылды. 830 жылы Бағдатта «Дар аль-улюм» академиясы құрылды. 972 жылы Каир қаласында аль-Азхар университетінің негізі қаланды. Араб-Пиреней жерінде ғылым мен білім үлкен дамуға қол жеткізді. X ғасырда Кардованың өзінде 27 медресе болды және онда медицина, астрономия, математика, философия ғылымдарынан білім берілді.

    Ортағасырлық мұсылман ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясыныңқалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет антика мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, ықпалын тигізді.Аль-Фарабидін енбектерін жалпыфилософиялык суруктарына арналган Слово о субстанции, СУЩЕСТВА ВОПРОСА, КНИГА О ЗАКОНАХ,КНИГА О ПОСТОЯНСТВЕ ДВИЖЕНИЯ ВСЕЛЕННОЙ деп аталатын болса адамнын танып білетін момкуншіліктерне арналган тракттатары О СМЫСЛЕ РАЗУМА, КНИГА О РАЗУМЕ ВЗРОСЛЫХ,БОЛЬШАЯ СОКРАЩЕННАЯ КНИГА ПО ЛОГИКЕ ТРАКТАТ О СУЩНОСТИ ДУШИ деп аталады жане материяны сан сапа кеністік пен укыт аясында зертеген МАТЕМАТИКА ГЕОМЕТРИЯ АСТРОНОМИЯ ЖАНЕ МУЗЫКА траккттары жарык корген болатын. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуына энциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 – 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшінкүресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты.
    Әл-Хорезми (араб.: (толық есімі - Әбу Абдулла (немесе Әбу Жафар) Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми) - Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ.Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз-жәдігөйлер (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.
    Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 8 ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады булар:
    Алгебра деген созді біз іл Хорезми атымен байланыстырамыз (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған.
    Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған. Әл-Хорезми коскан улес
    Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған енбегі.
    Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат жазган болатын;
    Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды.
    Күн сағаттары туралы кітап;


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет