Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы


тақырып. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары



бет2/15
Дата19.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#84602
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
соц лекция

2 тақырып. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
Лекцияның мақсаты: Дүниежүзілік социологияның дамуындағы классикалық кезеңіне үлестерін қосқан Батыс социологтарының әлеуметтік көзқарастырын, қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастарының ерекшеліктерінің негіздерін дұрыс тұсіндіру, ХХ ғасырда пайда болған негізгі социологиялық бағыттарды ашып көрсету.

Негізгі ұғымдар: Позитивті социология, суицид, органикалық теория, протестанттық этика, эмпиризм, этнометодология тұжырымдамасы, символдық интеракционизм, генетикалық структурализм
Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар

Дәріс жоспары:

  1. 1. О. Конт-позитивтік социологияны негіздеуші, Г.Спенсердің социология жөніндегі ілімдері.

  2. 2. Маркстік социологияның негізгі ілімдері.

  3. 3. Э.Дюргейм мен В.Вебердің социология жөніндегі тұжырымдамалары.

  4. 4. Ш.Ш. Уәлихановтың социология жөніндегі тұжырымдамалары, Ы.Алтынсариннің социологиялық көзқарастары.

  5. 5. Абайдың социологиялық ой-пікірлері.

  6. 6. А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың социология жөніндегі көзқарастары.

  7. 7. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы социологиядағы эмпиризм мен әлеуметтік теориялар және олардың дамуындағы негізгі бағыттары.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1796-1857). Ол социология фактіге негізделуі керек және социологиялық құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеуі қажет деген. Бұл социологияның қияли, абстрактылық құрылымынан ауысып, тәжірибелік ғылым болуына мүмкіндік жасады. О.Конт қоғам туралы жағымды тәжірибелі ғылым жасауды қажет дей отырып, оның пәнін фундаменталдық заң деп есептеп, тіпті социологияны әлеуметтік физика деп те атады. Сондықтан да, социологияда әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамиканы бөлді, яғни осы концепцияның негізін салды. Біріншісі қоғамды, оның барлық элементтерін тұрақты және тепе-тең теңдік жағдайында зерттейді де және әлеуметтік үндестік (гормония) заңын негізгі деп есептейді. Екіншісі, қоғамдық даму, бір дәрежеден екіншіге өту жағдайында зерттейді. О.Конт социологиялық зерттеудің негізгі заңын бақылау және эксперимент деп тұжырымдады. О.Конт ғалымдар ұсынысын нақтылы тәжірбиелік тексеруден өткізу қажет деген тезисті көтерді. Сондықтан да, Конт философиясы “позитивизм” деген атақ алды. Бұл Конттың жаратылыстану ғылымы үлгісінде зерттелген ілім және зерттеу шын мәнісіндегі социологиялық деген орталық идеясына жауап береді. О.Конттың жұмысы социологияның одан әрі дамуына үлкен орын алды. Оны “социологияның атасы” деп атау кездейсоқ емес, ол оған ат және бағдарлама берді.
О. Конттың жөмыстарында нақтылы тәжірибелік зерттеуге өтуге алғышарттар бар. Ол (Дюркгейм және Парсонстың) социологиялық ойдың одан әрі дамуына маңызды әсер етті. Социологияның дамуына зор әсер еткен оның әлеуметтік фактілерді таңдау, сатқындық қияли қатынастан бас тарту керек деп қарау идеясы.
ХІХ ғ-ң екінші жартысында О.Конт өлгеннен кейін социологиялық ойдың бірнеше ағымдары пайда болды, олардың уәкілдері қоғамдық өмірдің критериясын одан тыс жағдайлардан іздеді. Бірінші кезекте, жараталыстану биологиялыә факторлардың дамуынан. Оған әсер еткен жаратылыстанудың әсері болды, әсіресе Дарвин ілімінің пайда болуы. Мұндай қатынастың ірі уәкілдерінің бірі, ағылшын ғалымы Герберт Спенсер болды (1820-1903).
Спенсердің социологиялық теориясы Дарвиннен қабылдаған екі принципке негізделді: қоғамды организм деп түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы. Шын мәнісінде, қоғам төрт организмді (копирует) көшіріп алады және тудырады. Олай болса оған тән биологиялық заң деген қорытынды жұмсайды. Ол заң Спенсердің айтуы бойынша қоғамда сәйкестеніп бейімделеді.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың алдында басындағы ірі уәкілдердің бірі француз ғалымы Эмиль Дюркгейм болды. Э. Дюркгеймнің еңбектерінде (“О разделении общественного труда”, “Правила социологического метода”, “Самоубийство”, т.б.) жаңа социологиялық қатынастар берілген. Оның маңызы - әлеуметтік факторлардың жиынтығынан тұратын қоғамды әлеуметтік шындық деп түсіну. Оларды зерттеу социологияның пәнін құрайды. Э.Дюркгеймның “Социологизмі” оның теориясының негізі, ол әлеуметтік шындықтың ерекшелігін, біріншілігін, дербестігін мойындауға жеке адамның оған бағыныштылығын, екіншілігіне негізделген.
Э. Дюркгеймның шығармашылығының негізгі маңызы - социологияға жасалынған жүйе анықтамасын беруінде. Оның негізгі сипаттары: а) қоғамды құрылымды-функционалдық организм деп түсіну; б) қоғамдық тәртіпті қажетті жағдайы деп қорғау; в) әлеуметтік тәрбие институт қоғамның өмір сүруі үшін қажетті , маңызды механизімі деп түсіну.
Макс Вебер (1864-1920) Германияда туған экономика, құқық, философия, социология, тарих туралы еңбектер жазған. Алғашында К.Маркстың әсерінде болған, ал кейінен олардың көзәарастары ажырасқан, қайсыбір еңбектерінде Марксты сынаған. Ол қытай империясының, Индия және Таяу Шығысты зерттеген, дін социологиясына үлес қосқан. Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократияны зерттеу болды. Бюрократия кең көлемдегі ұйым онда қызметкерлер рангаға бөлінеді дейді. Ол қала, құқық жүйесі, экономика тұрлері, таптар тарихы туралы зерттеуге үлес қосқан. Социологияның өзі туралы да еңбектер жазған. Ол Дюркгейм мен Марксқа қарағанда социология ғылым деп қарау керек деген талап қойған.
М. Вебер социологиялық ілімнің негізі – идеялдық тип туралы ілім. Идеялдық тип – бейне-схема, зерттеуші-социолог таныған, зерттеген нақты материалды тәртіпке келтіру және жүйелеу тәсілі. Вебердің идеялдық тип туралы ілімі социологияны түсінудің негізі. Бұл жерде социология бастауыш тип есебінде адамның немесе белгілі топтың тәртібін негізге алуы керектігі айтылады.
Вебер діни сенім капиталистік экономиканың дамуының ынталандыру негізі, себебі, ол еңбексүйгіштікті, үнемділікті, есепшілдікті, шыдамдылықты, жігерлікті қалыптастырады деп түсіндірмекші болды.
К.Маркс (1818-1883) ғылымның көп салалары мен айналысты. Еңбектерінің көпшілігі экономика проблемаларына арналды. Маркс социологияның мәселелеріне көп назар аударғанына қарамастан өзін социологтар қатарына жатқызбады.
К. Маркс ілімінің негізі тарихты материалистік тұрғыдан түсіну (“барлық атрих – таптар тартысы”), экономикалық және әлеуметтік детерминизм. Ол өз тұсындағы қоғам капитализмді терең зерттеді. Соған сәйкес ол капитализм оған дейінгі өндірістік жүйеден түбірінен өзгеше деп қорытты. Капитализмді зерттей отырып, Маркс тапқа анықтама берді. Оның көзәарасы бойынша капитализмнің орнына тапсыз социалистік қоғам орнауы керек, таптың жойылуына байланысты қоғамда барлық теңсіздік жойылуы керек.

Қазақстанда саяси әлеуметтік ой-пікірдің қалыптасуының алғы шарттарына осы дәріс арналады. Онда Ш. Уалихановтың, Ы.Алтынсарин, Абай, А. Байұөрсынов және Ә. Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси көқәарастарына кеңінен тоқталамыз.


Ш. Уалиханов өз халқын сүйді, оның болашағына сенді, мақтанұ. Аз өмір сүрсе де, әлеуметтік ғылымға өз үлесін қосты. Ол қоғамда жүргізілген өзгерістер адам мүддесіне қажет екендігін атап көрсетті. өз тұсында қоғамда әлеуметтік таптар мен топтар арасында келіспес қарама-қарсылықтың бар екендігін түІсінді. Бүкіл ұлттың мүддесі, - деді Шоқан, - қатаң әділеттілікке жүгінгенде жеке қоғамның пайдасынан жоғары болуы керек. Ол өзінің бірнеше ғылыми еңбектерін жазды. “Баянауыл округі туралы”, “Сот реформасы жайындағы хат” т.б., бұл шығармаларда Шоқанның қоғамдық көзқарастары тұжырымдалған.
Ыбырай қоғам туралы асыл қазыналы ойға үлкен үлес қосты, ағартушы педагог, ақын, жазушы. Ол бар күшін, жігерін, уақытын жас түлектерді оқытуға жұмсады. Қазақстан қоғамында кәсіби білімнің негізін қалады. Торғайда бірнеше кәсіби мектептер ашты. Ол қазақ даласындағы әділетсіздікті, заңсыздықты көріп, жаны күйді, заңның әділетті болуын көкседі. қазақ халқын отырықшылыққа шақырды оның артықшылығын дәлелдеді.
Дәрісте Абайдың көзәарасына кең орын беріледі. Ол өзінің қоғамдық көзәарасында дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, оны қара сөздерінде жан-жақты дәлелдеді. Абай адам неден тұрады деген сұраққа жауап берді, адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызды, оның бойындағы адал қасиеттерге сипаттама беріледі. “Адамды ақылдылығына қарай ардақта”,-дейді Абай. Ол: “талап, еңбек,терең ой, қанағат рахым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз”. Бұл оның адамдық бағдарламасын бес тіреулі бес принципі. Сонымен қатар, дәрісте А.Байтөрсынов және Ә. Бөкейхановтың да әлеуметтік-саяси көзқарастарына тоқталамыз.
Социологияның дамуының жаңа кезеңі біріншіден эмпирикалық социологияның қалыптасуы және дамуымен, екіншіден, жаңа бағыт пен теорияның дамуымен, үшіншіден, эмпирикалық және теориялық социологиялық белгілі дәрежеде ұштастыру үшін ұмтылуымен байланысты. Бұл кезеңнің хранологиялыә кезеңі 70 жылды қамтиды, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан осы уақытқа дейін. Бұл кезең үш мерзімнен тұрады. Бірінші (20-40 жылдар) мерзім эмпиризмнің үстемдігі үшін шабылуы мен сипатталады. Екінші мерзім (40-60 жылдар) теориялық-тәсілдемелік құрылымның күшеюімен сипатталады. Ақырында, үшінші мерзім (70 жылдардың басынан біздің уақытымызға дейін) теориялық және эмпирикалық зерттеуді макро және микро социологиялық қатынасты біріктіруі үшін күреспен сипатталады, екінші жағынан социология ғылымының жаңа дәрежеге қоғамдық құбылыстар мен процестерді теориялық ой қорытындысынан өткізуге көтеруімен сипатталады.
ХХ ғасырдағы социологиялыә прогрестің даму тенденциясының бірі – эмпиризмнің дамуы. Эмпирикалық социология деп нақтылы әлеуметтік факторларды жинау және қорытумен байланысты зерттеуді және арнаулы сұрау, социологиялық бақылау, эксперимент тәсілдерін пайдалануды түсінеміз. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдарда АҚШ-та, содан кейін басқа елдерде жүргізіле бастады. Алғашқы социологиялық зерттеу тек қана ХХ ғасырда жүргізілді деп ойлауға болмайды. Олардың бай тарихы бар. Эмпирикалық социология әлеуметтік статикасыз дами алмайды. Оның негізін ХІХ ғасырда франко-белгия ғалымы Адольф Кетле табиғат заңының әсері мен шарттандырылған қылмысты қоғамға тән деген қорытындыға келді. Эмпиририкалық социологияның қалыптасуына көп еңбек сіңірген ағылшын зерттеушісі және кәсіпкер Чарльз Буту болды.
Эмпирикалық және теориялық социологияның ұштастыра отырып дамыту идеясы Роберт Мертонның (1910 ж. туған) еңбектерінде орталық орын алды. (“Социальная теория и социальная структура”). Дегенмен, эмпирикалық және теориялық социологияның қатар дамуына әлде де көп уаәыт қажет болды. Мертон өзінің фукционалдық қорыту теориясы арқылы бөл алшақты жеңуге бірсыпыра үлес әосты.
Батыс социологиясының 50-60 жылдарда дамуына Р.Мертон идеясы жағымды роль атқарады, ол эмпиризімнің орын тебуіне қарсы күрес жІргізді, зерттеушілерді теориялық мәселелерді зерттеуіне бағыт берді.
Белгілі орыс-американ социологы Ц. Сорокин (1889-1968 жж) алғаш рет Ресейде маңызды еңбектер жазды, Ресейде 1922 жылға дейін тұрды, одан кейін Батысқа кетуге мәжбүр болды. Америкада жұмыс істей жүріп, эмпирикалық социологияның ұсақ тақырыптары үшін, теориялық концепцияларды қамти алмағандары үшін сынады, ол оның көмегімен әлемдегі өзгерістерді түсіндірмекші болды.
ХХ ғасырдағы социологияның екінші кезеңі белгілі америка социологы Т.Парсонстың (1902-1979 жж.) ғылыми жөмыстарымен сипатталады. Ол әлеуметтік әрекеттің теориясын жасады. Ол бойынша мақсаттан және ережеден тұратын кез-келген әлеуметтік іс-әрекет етуші адамның болуын, нақтылы ситуацияның, әрекеттің жағдайын көздейді.
Социологияның дамуының ХХ ғасырдың 70-80 жылдары осы мерзімге дейін ұштасып келе жатқан жаңа кезеңмен сипатталады. Бөл кезең немен сипатталады? Біріншіден, бөл кезеңнің ерекшелігі бөл ғылымның пәнін түсінумен байланысты. Екіншіден, макро және микро социологияның, теориялық және эмпирикалық социологияның байланыс сипатын ашуды жалғастырумен сипатталады.
Социология ғылымы туралы маңызды еңбек жазған американ социологы Н.Смелзер және ағылшын социологы Э.Гидденс авторлар социология ғылымына тұтас алғанда қоғам, әлеуметтік құрылым және салалар туралы ілім деген нақтылы анықтама берді.
Академик А.Ядов “Н. Смелзер – осы заманғы көрнекті социологтарының бірі”, - деген. Смелзер қоғамды тірі организіммен теңеп қарайды, әлеуметтік институттар әлеуметтік организмдегі қалыпты “физиологиялық” процестерді жақтаушы арнаулы органдар деп қараған.
70-80 жылдарда, бұрынғы Одақта қалыптасқан әртүрлі объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты , социология оәқтыла бастады, факультеттер, орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары құрылды. Көптеген белгілі социологтар қалыптасты – Г.В. Осипов, А.Г. Харчев, В.А. Ядов, Ю.А. Леваде, Ж. Тощенко, Т.И. Засловская, Л.Н. Коган, А.А. Радугин, т.б. олар әлемдік социологияның бар екендігін мойындауға мәжбүр болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет