Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы



бет1/15
Дата19.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#84602
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
соц лекция


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША


ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ


Пән аталуы: Әлеуметтану
Мамандығы: Барлық мамандықтар


Оқу нысаны: Күндізгі


Алматы, 2020


4 Бөлім. Лекция кешені


Лекция сабақтарының толық мәтіні

1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
1 тақырып. Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде.

Лекцияның мақсаты: Қоғамдық қатынстардың, өмір салтының, азаматтылық ұстанымның т.б. әлеуметтік-пенделік құбылыстардың социологиялық негіздерін пайымдау

Негізгі ұғымдар
Әлеуметтану, әлеуметтік заң, әлеуметтік қызметтер, макро және микро әлеуметтану.

Дәріс жоспары:
1.Социологияның әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны.
2.Социологияның объектісі мен пәні.
3.Социологияның құрылымы.
4.Социологияның заңдары мен категориялары.
Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Социология ғылым тұрғысында пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және теориялық алғы шарттары бар, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде капитализмнің дамуымен байланысты. Бұл жағдай қоғамдық дамуды социологиялық ілімнің назарына қойды. Осы тарихи кезеңдегі адамдар өмірі қарама қайшы көзәарастар туғызды. Әсіресе дамыған елдерде.
ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында социологиялық статиститкаға байланысты тәжрибелі зерттеулер пайда болды, шаруашылық санақ жІргізілді. Жаппай статистикалық сұрау техникасы жасалынды, демографияның негізі қаланылды.
Жаңа қоғамдық құбылыстар мен процесстерді ой елегінен өткізу үшін арнаулы ғылым қажет болды. Ол социология ғылымы еді.
Социологияның пайда болуын қоғамдық талапқа өзінше үн қосу, жауап деп қарауымыз керек.
Алғашқы рет социология деген түсінікті ғылыми айналымға келтірген. ХІХ ғасырдың ортасында позитивизм ағымының негізін қалаған Француз ғалымы Огюст Конт. Социология – көп деңгейлі ғылым, ал абстракциялық және нақтылық формалардың бірлігін, макро және микро социологиялық қатынастың теориялық және эмпирикалық әқтынасының бірлігін қарастырған ғылым.
Социология – (латынның “cosіtos” – қоғам, гректің “logos” – ілім) төтас алғанда қоғамның, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық бірліктің өзара өмір сүруі және дамуы туралы ілім деген анықтама берілген. Демек социология қоғам туралы ілім, ұғым деген сөз.
Дәрісте социология ғылымына берілген бірнеше анықтамалар аталады: ағылшын ғалымы Р.Херт, социологияның Э. Гидденс, америка социологы Нейл Смелзер т.б.
Дәрісте функционалдылыә теориясына анықтама беріледі. Оның ғылым жүйесіндегі орны анықталады. Сонымен қатар, функционалистер – Талкот Парсонс, Мертон, Дэвис, Спенсер және Дюркгеймнің көзәарастары да аталады.
Осы дәрісте социологияның объектісі және пәніне кең түрде тоқталамыз. Онда социологияның объектісі мен пәні ұқсас па? Жоқ, сәйкеспейді, сондықтан олардың анықтамасы беріледі.
Социологияның басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі оның құрылымдық теориясы бар, ол үш деңгейден тұрады. Социологияның заңдары мен заңдылыәтарына қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнына, қызметіне сипаттама беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет