Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы



бет10/15
Дата08.10.2022
өлшемі0,8 Mb.
#41915
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
соц лекция 2

Білім беру әлеуметтануы олардың өзара байланысы қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықтан икемділікті кажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттігі болып саналады. Кәсіптік білімнің қайсы бір түрі болмасын кәсіпті таңдаумен, бұл кәсіби бағытты жүргізумен тікелей байланысты. Кәсіби бағдарламаны жүргізу кең салада іске асырылады. яғни ол мектеп отбасынан бастап өндірісті де камтиды. Халық шаруашылығының шешуші салаларында әлеуметтік зерттеулер жүргізілген. Олардың қорытындысына қарағанда білім дәржесі жоғарлаған сайын жұмысшының да, инжинар-техникалық қызметкерлердің де жігерлігі арта түсуде. Олар өндірісте өнім шығарумен ғана айналысып қоймайды, оны басқаруга жаңа технологияны енгізге жігерлі түрде қатынасады, оны басқаруға жаңа технологияны енгізуге жігерлі түрде қатыасады, оларың өз ұжымдарын да жолдас- жораларының арасында беделі арта түспек. Кәсіби білімнің жеке адамның жеке басының өсіп дамып отыруын нығайтады, алғы шартты жасауға байланысты. Ол алғы шарттар - олардың жалақысының, материалдық жағдайларының төмендігі. Материалдық ынта білімді дамудың кәсіби шеберлікіі арттырудың бірден бір алғы шарты.
Сонымен үздіксіз білім жеке адамның ғана емес әлеуметтік өмір талабы. Білімділік саналылықтың қажеттігі, ал мелекеттің күштері де соның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты.
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғры оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді. Педагогтарды даярлауга арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.
Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мүғалімдердің саны өсіп келеді. Алайда бұл әрбір мүғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін «Білім туралы» Қазакстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.
Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлей қажет. Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрларының біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдьтқ жэне моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.

9 тақырып. Саяси әлеуметтану

Лекцияның мақсаты: Қазіргі кезеңдегі саясаттың даму ерекшеліктерін мен оның әлеуметтік мәселелерін түсіндіру

Негізгі ұғымдар: Саясат, монархия, демократия, тоталитаризм, саяси қызмет

Дәріс жоспары:
1.Саясат социологиясының мәні, заңдары, категориялары.
2.Саясат және саяси қызмет.
3.Саяси қатынастар мен саяси мүдделер, саяси процесстер мен саяси институттар.
4.Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары.
Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Саясат және саяси қызмет. Саясат соцологиясы - соцология ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс соцологиясынан басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарасмастан саясат социологиясының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік – саяси қатынастар – саясат социологиясының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, өрпақтар, кәсіптік қөрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.
Саясат социологиясы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдылықтарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады. Саясат социологиясының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен қөрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, төлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың өйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Саясат социологиясы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпы дүниежүзілік, жалпы адамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.
Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заң, оның ұйымдастыру тәсілдері саяды. өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну, заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.
Даму заңы – бөл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар мен формаларын анықтайды. Мысалы, революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс, т.с.с.
Осы заңдарға сәйкес саяси социологияның категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1.Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер, т.с.с; 2.Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, көппікірлік, саясаттандырылған төлға және т.б.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен өлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы танылады. Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатынасты болады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.
Саяси қатынастарға қоғаманың әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.
Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалы мен қалыптасады.
Саяси идеология аталмыш әлеуметтік-саяси күштердің мүдделері теориялары мен ғылыми төжырымдамалар деңгейінде көрінеді. Мұндайда бұл мүдделерді мейлінше терең түсінуге қолы жетеді, олардың мәні, мазмұны мен бағыт-бағдары ашылады.
Саясат социологиясы қоғамда бірнеше міндеттер атқарады. Атап айтқанда, дүниетанымдық, тәрбиелік, практикалық-саяси функциялары. Саяси социологияның дүниетанымдық функциясы әрбір адамның, әсіресе саяси басшының санасына жаңаша саяси ойлауды қалыптастыру, жалпы адамзаттық қөндылықтардың, жалпы адамзаттақтың топтық (таптық, өлттық, діни, т.б.) мүдделерден басымдығын, әлеуметтік-саяси прогресстің формасы деп саналып келген күштеу мен зорлауды теріске шығару, әрбір халықтың әлеуметтік және саяси таңдау бостандығын мойындау принциптерін терең зерделеуге бағыттайды.
Саясат социологиясы саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар, ол кәсіпкер, жартылай кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Бөл оларды саясат өз интуицияларына ғана сүйеніп жүргізуден сақтайды.
Саясат социологиясы тәрбиелік те функция атқарады. Адамдарды жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Бұл әсіресе жастарды тәрбиелеуге маңызды. Ол саяси идеялар мен нормаларды, әдет-ғұрыптарды, саяси ақпараттар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да өркениетті елдерден оқу орындарында оны оқытуға баса назар аударылады, оқыту сағаттары көбейтілген. Оқу курсымен қатар арнайы курстар өткізіледі.
Практикалық-саяси функциясы да өте маңызды. Қоғамадық білімдер жүйесінде саясат социологиясы көп жақты нақты практикаға аса жақын, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы адамдардың өзгертуші немесе консервативтік қызметіне де тым жақын. Саясат социологиясы жалпы социология ғылымының мәліметтерін қоғамдық өмірді жақсарту мақсатында іс-тәжірибеде қолданады және қолдануға тиіс. Саясаттың әр түрлі салаларымен өзара әрекетін зерттей отырып, саясат социологиясы қоғамның неғөрлым тиімді әлеуметтік-саяси құрылысы мен әлеуметтік саяси прогресі моделін іздестіру және анықтау міндеттерін іс жүзінде шешеді.
Саясат социологиясының ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары тікелей практикаға шыға алады. Оның қорытындыларынқатаң басшылыққа алса, қоғамдағы күрделі процестер мен бағыттарды дөрыс пайымдауға болады, соның негізінде саяси мәселелердің практикалық оң шешімдері жасалады.
Саясат социологиясы сияқты арнай социология теорияларында мәдениет социологиясының да маңызы зор.

10 тақырып. Экономикалық социология


Дәрістің мақсаты: Экономикалық мүдделер және олардың қоғамдық қатынастардағы ролін көрсету


Негізгі ұғымдар: өндіріс, экономикалық мінез-құлық, экономикалық мәдениет.


Дәріс жоспары:


1.Экономикалық социологияның объектісі, пәні, категориялары.
2.Экономикалық сала мен әлеуметтік саланың өзара байланысы.
3.Экономикалық мүдделер және олардың қоғамдық қатынастардағы ролі.
Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Әлеуметтік процестерді зерттейтін көптеген ғылымының қарастыру аймағында бұрыннан еңбек төрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып табылады, өйткені ол адамзат қоғамының қалыптасу процесінде пайда болды, қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық болды. Еңбек экономикасы өндірістік қатынастармен бірге өндірістік күштердің бірлігін: еңбекті бөлу мен ұйымдастыруды, оны нормалауды зерттейді.
Экономикалық социология қоғам өмірінің мынадай екі негізгі саласын зерттейді: экономикалық және әлеуметтік қызметтердің өндірістік аядағы мінез-құлқы, субъектінің өндірістің әлеуметтік тиімділігін арттырудағы ролі, сондай-ақ экономикалық мәдениет пен экономикалық мінез-құлық. Оның қарастыру аясына экономиканы әлеуметтік-экономикалық реттеу механизмдері, адамның еңбекке деген қарым-қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық төр.
Экономикалық саланың әр түрлі екендігі негізінде әлеуметтік проблематика саласы да бөлек, экономикалық социологияның да ғылым ретінде өзінің құрылымы бар, яғни тақырыптық бөлімдер мен бағыттардан тұрады.
Олардың негіздері мыналар болып табылады: еңбек социологиясы, кәсіптер мен істер; бөлгіштік, мүліктік қатынастар социологиясы; ұйымдастыру социологиясы; басқару социологиясы.
Адамның өмір сүруінің негізгі шарты – еңбек, бұл – адамзат қоғамының негізгі тіршілік ету формасы. Қоғамдық еңбектің генезисі адамзат қоғамының алғы кезеңінде-ақ адамның ата-бабалары сыртқы табиғат заттарын қөрал ретінде қолдану жөнінде бейімделі қызметін атқарған кезде басталған. Еңбек қоғамдық сипатқа ие болады. Әрбір адам өзіне ғана пайдалы емес, басқалар үшін де пайдалы нақты формада жасайды. өз кезегінде жеке қажеттіліктерін өнімдерден басқа адамдардың еңбегі кірігіп кететін формада қамтамассыз етеді. өндірушілер сондықтан да басқалардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген мүмкіндік алады.

11 тақырып. Отбасы әлеуметтануы


Лекцияның мақсаты: Неке және отбасы ұғымдарына, олардың түрлерінің ерекшеліктерін ің негіздерін дұрыс түсіну


Негізгі ұғымдар: Неке, отбасы, ажырасу, полигамиялық және моногамиялық неке, эндогамия, экзогамия

Дәріс жоспары:


1.Отбасы социологиясының пәні мен функциялары.
2.Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері.
3.Некенің мотивтері мен ажырасудың себептері.
Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасының қалыптасуы үшін неке қалыптасуы қажет. Қазіргі шетелдік және республика социологтарының еңбекетерінде мәселені отбасы проблемасынан бастайды. Ол дұрыс та, бірақ отбасын құрғанға дейінгі объективтік және субъективтік жағдайдың қалыптасуын зерттемей бірден өз қызметін толық атқаруы жастардың отбасын құрғанға дейінгі түбірлі мәселені шешуіне тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет