Күрделі шарттарды программалау



Дата16.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#74786
түріПрограмма
Байланысты:
7 сынып Күрделі шарттарды программалау

Күрделі шарттарды программалау

7.3.3.3-Python программалау тіліндегі күрделі шарттарды қолдану

Жаңа сабақты түсіндіру

  • Өткен сабақтардан біз білеміз, егер бір шарт болса бір цикл денесі орындалады. Мысалы: егер далада қар жауса, боран болады.
  • Бірақ осындай қарапайым шарттар бірнеше болуы мүмкін, олардан күрделі шарттар туындайды. Мысалы: егер далада қар жауса, боран болады, әйтпесе жолды жабу мүмкін.
  • Күрделі шарттар – логикалық амалдар көмегімен біріктірілген екі немесе бірнеше қарапайым қатынастар.

Логикалық амалдар:

  • ЖӘНЕ – логикалық көбейту, Python тілінде and деп жазылады. Екі шарт та ақиқат болу керек (конъюнкция);
  • НЕМЕСЕ - логикалық қосу, Python тілінде or деп жазылады. Екі шарттың біреу ақиқат бол керек (дизъюнкция);
  • ЕМЕС - логикалық терістеу , Python тілінде not деп жазылады. Логикалық амал теріске шығарылады (инверсия).
  • Мысалы: 10 >5 және 10<30 (истина), Python-да 10>5 and 10<30(True)

Қолдану

  • https://www.online-python.com/
  • Мына сілтеме арқылы өтіп, + батырмасын басыңдар, 165-166 беттердегі 1-2 мысалды программаға жазып, экранның соңында RUN батырмасын басып маған скрин жіберу.
  • ҚБ: 4 балл

Практикалық жұмыс.

  • Берілген логикалық амалдардың нәтижесі қандай?
  • (10>40) and (77>25) - ?
  • (15<37) and (21>9) - ?
  • (100>99) or (45>23) - ?
  • (9>65) or (55<87) - ?
  • Not(20>30) – ?
  • Not(20<30) – ?
  • ҚБ:6 балл

Кері байланыс. Рефлексия.

  • “Үш момент”. Сабақ барасында түсінген 2 моментті және 1 пысықтайтын моментті жазу керек.

Үй жұмысы.

  • §24 оқу, 166 беттегі 1 (2,3,4,5,6) тапсырманың сұрақтарына жазбаша жауап жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет