Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтік жұмыстың тарихы


тақырып.Әртүрлі саладағы қоғамдық тіршілік әрекеттері әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс



бет10/16
Дата10.01.2023
өлшемі136,58 Kb.
#60784
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
дәріс мәтіні

9 тақырып.Әртүрлі саладағы қоғамдық тіршілік әрекеттері әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс.


Лекцияның мақсаты:Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің принциптерімен танысу


Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау


Дәріс жоспары:

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бөлігі ретінде

  2. Әлеуметтік қамсыздандыру: түсінігі, мақсаты, міндеттері

  3. Әлеуметтік қамсыздандыру формалары



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Рес-публикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес қүрылымдардың (жекешені қоса), қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына «әлеуметтік қамсыздандыру» мен «әлеуметтік сақтандыру» терминдері сипатты болғанымен бүлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандырудыхалықты әлеуметтік қорғау процесі деп, ал әлеуметтік сақтандырудыосы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн. Халықты әлеуметтік қорғауғажұмсалатын шығыстармемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен орын алады.
Әлеуметтік қорғаудеп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар жасалынады. Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шаққандагы түтыну бюджетініңмөлшері болып табылады. Бүл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен түтыну қоржыныныңқүны мен қүрамы есеп-теп шығарылады. Ең төмен түтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің өзгеруімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті орган қайта бекітеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне «әлеуметтік көмек» деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бүл қызметтің нөтижесіне байланысты болып келетін тиісті телемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.
Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмекнегізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады және мақсаты — «кедейлерге қамқор болу». Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдістері.
Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.
Бюджеттік әдіскезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымемлекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.
Қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету)әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылган кезде әлеуметтік қолдауарқылы іске асырылады.
Зейнетақы— бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал өскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. Жұртқа мәлім, 1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындардың өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы телеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұрынып, жұмыссыздық етек алған түста бүл проблема өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесіненгізуге итермелеген ең негізгі себептердің бірі болды. Ескі, «ынтымақтастык,» зейнетақы жуйесімүндай жағдайда зейнетақының іркіліссіз теленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы маусымның 27-сіндегі заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні — 1997 жылғы дейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қағидатынан жеке қорланымдардың қағидатына көшуде болды. Ол үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды түлғалар мен жеке тұлғалардың әлеуметтік салық төлеу жолымен қалыптасатын Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қарастырылды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесікезінде әркім өз табысынан (жалақысынан) міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Осы көздің есебінен жиинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдарды қалыптасады. Ұстау және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мына мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын заңи түлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс берушінің материалдық, өлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде жарна аударады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жала-қының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 144 бабының 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16), 17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларында және 316 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларында белгіленген төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы телемдері мемлекеттік жөне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындагыәркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жүмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы телемдері еркектер 63 жасқа толғанда, өйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге — 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға олардың нақты еңбек өтілінің болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу қүқығы болмаған жағдайда тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет