Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтік жұмыстың тарихы


тақырып. Еңбекпен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс.Пенитенциарлық мекемелердегі әлеуметтік жұмыс



бет12/16
Дата10.01.2023
өлшемі136,58 Kb.
#60784
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
11 тақырып. Еңбекпен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс.Пенитенциарлық мекемелердегі әлеуметтік жұмыс.


Лекцияның мақсаты: Еңбекпен қамту және жұмыссыздықты талдау


Негізгі ұғымдар: еңбекпен қамту, жұмыссыздық, түзету мекеме


Дәріс жоспары:

  1. Еңбекпен қамту әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде

  2. Еңбекпен қамту мәселесіндегі әлеуметтік аспектілері

  3. Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-психологиялық зардаптары



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған Есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы — адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын кезекті Жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.
Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Кедейшілікті жоюдың бірден-бір көзі – халықты жұмыспен қамту болып табылады. Өткен жылғы болжамдалған көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, еліміздегі жұмыссыздыќ деңгейі жоғары деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша 8,7% болса, облысымызда 8-9% деңгейін көрсетуде. Ал, экономика тұрақты дамуы үшін жұмыссыздық деңгейінің 6% аспауы қажет. Жалпы жұмыссыздық дегеніміз — еңбек биржасына жұмыссыз деп тіркелгендерді ғана айтамыз. Яғни, жоғарыдағы мәліметтердің болжамдалынып алуына осы жағдай себеп болуда.
Ұлттық экономиканың нарыққа кіруінің шамалы жүзеге асырылуы, республикадағы барлық әлеуметтік-экономикалық процестерді баяулатуда, соның ішінде ең бастысы жұмыс күшін жүзеге асыратын процестерге теріс әсер етуде. Жұмыспен қамту саласын реформалаудағы жол болмаушылықтар мен қателіктер, ұлттық экономиканың салалары мен сфераларындағы жұмысшылардың бақылауға келмейтін жұмыстан босауына, жұмыссыздықтың барлық түрлерінің өсуіне әкеліп соқтырды.
Ең бастысы шет ел тәжірибесімен танысамыз, өйткені көптеген мемлекеттер нарықтық емес қатынастан нарықтық қатынастарға реформалау жолын өткен болатын және Қазақстанға пайдалы тәжірибеге ие. Біздің ел мен дамыған елдердің жұмыспен қамту саласына араласуының айырмашылығын ескере отырып, олардың қиыншылықтармен жеткен жетістіктерін жоққа шығару біздің тарапымыздан өте қате болар еді. Кешенді жұмыс ретінде кедейшілікпен күресу көптеген елдер алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Егер халықтың әл – ауқатын көтерсек, еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады. Ал халықтың әл – ауқатын жақсартудың бірден – бір жолы оларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет