Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс



бет6/32
Дата09.05.2022
өлшемі69,44 Kb.
#33250
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
лекция мадениет

Негізгі ұғымдар:

Антик, элладағ элиндер, монумент, микены, Гомер, архайкос, демос, храмдар, классика, менталитет.

Дәріс мазмұны:

Ежелгі Греция мен Рим мәдениетінiң әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Тарихта біз оны антикалық (көне) мәдениет деп атаймыз. Бұл термин латынның «антиквус» деген сөзінен енген. Бұл тарихи көне мәдениет Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философияның, театрдың дамуына саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Антика дүниесінің мәдениеті 1-мың жылдықтың алғашқы ғасырында қалыптасқан, соңы v-ғ Рим империясының құлауымен аяқталады. Біздің дүниежүзiлiк мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таң қаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Ол саясатта, ғылымда, құқықта, сәулет, мүсін өнерлерінде көрініс тапты, яғни өмірге Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродат, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды. Гректер өздерін «Эллиндер», ал елдерін «Эллада» деп атаған. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр. Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарың мекендеген тайпалардың өркениеті ерекше тарихта орын алды. Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы Пелопоннес түбіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп аталынды. Крит-найзағай тәңірі Зевстің туған жері, аңыз бойнша Гректің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы асқан сұлу Еуропаны алады, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туылған. Атақты Геракл жайлы да аңыз осы аралмен байланысты.

Бұл жерде Миностың құрметіне Минос сарайлары салынған, яғни сәулет өнері 1-ші орынды алды.

Кносс - сарайы ерекше әсемделген еді.

а) Салтанатты залдар

б) Діни рәсімдер өткізілетін бөлмелер

в) Бассейндер, театрлар

г) Суретшілер бөлмелері

Патша сарайы әрі әкімшілік, әрі діни, әрі шаруашылық орталығы болды. Сол кездің өзінде-ақ сурет өнері, фрескалар өте жоғары деңгейде дамыды.

Өкінішке орай аралда болған жер сілкінісі, жаулардың соғысынан көптеген дүниелер іске аспай қалғаны көрініс береді.

Қазіргі заманғы ғалымдардың пікірінше Шығыс Жерорта теңіз өнерін гректер келместен бұрын түрлі тілде сөйлейтін талай халықтар мекендеген деген жорамал бар. Миконы өркениетінің гүлдеген кезеңі б.з.д. XV-XIII ғасырлар. Ахейлік гректер жасаған мәдениет кей жағдайларда Криттік мәдениетке қанша ұқсас болса да, оның тек қана өзіндік сипаты, өзіндік қайталанбас ерекшеліктері болды. Ірі қорғандар, сарайлар бүгінгі күнге дейін сақталған. Тіпті ірі қорғандарының ерекшелігін зерттеушілер Египет пирамидаларымен теңеді.

Бұл елде керамика саласы ерекше дамыды

Темірден жасалынған қару-жарақ шебер пайдаланылды.

Грецияда XII-X–ғас темір ғасыры басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет