Д.Б.Эльконин мектепке дайын болу проблемасын талдай келе, бірінші орынға оқу іс-әректін меңгерудің психологиялық алғы шарттарының қалыптасқандығын қояды. Аса маңызды алғышарттарға ол баланың мынадай біліктерін жатқызды:
• өз жұмысының іс-қимыл тәсілдерін жалпы түрде анықтайтын ережелерге саналы түрде бағындыру;
• жұмыста ережелер жүйесіне бағдар ұстау;
• үлкендердің нұсқауын тыңдау және орындау;
• үлгі бойынша жұмыс істеу.
Н.Г.Салмина мектепке психологиялық дайын болудың негізгі көрсеткіші ретінде мыналарды бөліп көрсетеді:
• еркінділік оқу іс-әрекетінің алғышарттарының бірі ретінде;
• семиотикалық функцияның қалыптасқандық деңгейі;
• қарым-қатынас ерекшеліктерін, қойылған міндеттерді шешу үшін бірігіп жұмыс істеу білігін, эмоционалдық аясының дамуын және т.б. қамтитын тұлғалық мінездемесі.
Бұл көзқарастың ерекше белгісі семиотикалық функцияны баланың мектепке дайын
болуының көрсеткіші ретінде қарастыруы, оның үстіне бұл функцияның даму дәрежесі
баланың интеллектуалдық дамуын сипаттайды.
Талдау үшін сұрақтар ұсынылады
Мектепке даярлық блогы бойынша берілген ойын түрлерімен танысу, МАД тобына байланысты жүргізуге болатындығын ажыратып көрсету, түсіндіру, талдау.
Талдауға берілген сұрақтар бойынша Bilimland.kz сайтының «Мектепке дайындық» блогындағы ойын түрлерімен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс жасаңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |