«философия» кафедрасы



бет1/3
Дата10.02.2023
өлшемі22,29 Kb.
#66902
  1   2   3
Байланысты:
Ғылым тарихы филос. МОӨЖ МӨЖ. (копия)


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ

«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»


пәні бойынша




Cтуденттің оқытушымен өзіндік жұмысы (МОӨЖ) және
студенттің өзіндік жұмысы (МӨЖ) бойынша тапсырмалар және
оларды дайындауға арналған әдістемелік ұсыныстар


Саяси ғылымдарының кандидаты, доцент
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы

Алматы, 2022

«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (МОӨЖ) ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


Магистрантің өзіндік және оқытушымен бірге өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мақсаты – оқытушының көмегімен студенттің бойында өзбетімен жұмыс жасай алу, ғылыми, шығармашылықтық, еркін, философиялық пайымдау, қорытынды-түйін жасау, қарастырылып отырған тақырыптың мәніне тереңірек үңілу, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. МОӨЖ түрі ретінде философияны оқытудың инновациялық жолдарын зерделеу, ал МӨЖ ретінде оқытушы берген сұрақтар бойынша өз пікірін баяндап, эссе жазу ұсынылады.


МОӨЖ

Магистрант ұсынылып отырған еңбектерді (түпнұсқаларды) өз қалауы бойынша таңдап, оқытушының кеңес-консультациясына сүйене отырып, шығармашылық түрде зерттейді және олардың мазмұны, негізгі мәселелері бойынша слайдтар дайындап, 5, 8,10,13-апталардың соңында қорғауы тиіс.




МОӨЖ бағалау тәртібі:

Ұсынылған түпнұсқаны кеңінен зерттеп, оның мазмұнын өз бетінше қорытып, аша білу, еңбек және оның авторының ілімі мен көзқарасы туралы белгілі бір білімге ие болу, қазіргі заманмен байланыстыра білу жоғары – 13


балл. Түпнұсқаны зерттелген, бірақ онда қойылған мәселелерді түсінуде кемшіліктер бар – 7 > 13 балл. Түпнұсқа үстіртін зерттелген, өзіндік түсінік нашар – 1 > 7 балл. Плагиат – 0 балл. Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды. МОӨЖ офис-сағаттар кезінде тапсырылып, қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет