С.А. Оболенскийпікірі бойынша саяси мәдениет түсiнiгiне үш негiзде анықтама берiлген. Оның ойынша 1) А.Г. Агаев, А.И. Арнольдов, Ф.М. Бурлацкий, А.А. Галкин, С.К. Рябов бұл саяси категорияны саяси қызмет, құндылық, принцип және тарихи тәжiрибе ретiнде сараптаған. 2) Ю.Ф. Ожигова, Ю.Т. Тихонов, Р.Г. Яновский адамның саяси дамуы мен белсендiлiгi және саяси тәжiрибесiн қолдана бiлу деңгейi деп есептеген. 3) Мына ғалымдар Е.М. Бабасов, Г.О. Белов, М.Т. Иовчук, Н.М. Кейзеров, Я.Н. Коган саяси мәдениет адам күшiнiң формасы мен әдiстерi негiзiнде түсiндiргiсi келген.
Ағылшын саясаттанушылары Р. Карр мен М. Бернштейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтiк тәжiрибе, адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауы да кiредi дейдi. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтiк топтардың саяси iс-әрекеттерiндегi тәсiлдердi, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерiнiң қазыналары жатады.
Кеңес өкiметi кезiнде бұл пiкiрге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек деп есептедi. Бiрақ, бұл көзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси мәдениеттен саяси iс-әрекет пайда болады. Екiншiден, егер адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауын саяси мәдениеттен бөлiп алсақ, оның iс-әрекеттiк жағы ескерiлмей қалады. Ал, қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерiмен бiрге нақтылы iс-әрекеттiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сондықтан бiз саяси мәдениетке саяси санамен қатар iс-әрекеттер де кiредi деп есептеймiз.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси мәдениеттi әртүрлi бағыттарда қарастырылған:
1 Г. Алмонд, С. Верба, Б. Дивайн, Б. Краснов– саяси құндылықтық бағдар негiзiнде қарастыра отырып, оны рухани құбылыстар жиынтығы дейдi;
2 С . Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси мәдениет деп түсiндiредi;
3 Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi;
4 Дж. Плейно саяси мәдениеттi iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiлерiнiң жиынтығы ретiнде қарастырады;
5У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет тәсiлi дейдi;
6 Барлығынан гөрi саяси мәдениетке дәлме-дәл анықтама берген Роберт Такер «саяси мәдениет қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет үлгiлерiн қамтушы». Мұнда индивид санасы мен iс-әрекетi және әртүрлi қауымдастық топтар мен ұлттар да қамтылады.
Қоғамдағы саяси мәдениет адамдар санасы мен iс-әрекетiн ғана емес, саяси институттар әрекетiнiң мазмұнына да тiкелей ықпал етедi. Қоғамда саяси жүйенің бір элементі ретінде саяси мәдениет: қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын; тұрғындардың әртүрлі қабаттарының бірлігін; билеуші элитаның әлеуметтік базасының беріктігін; қабылданған саяси басқарушылық шешімдерге тұрғындар реакциясын байқау мүмкіндігін; сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін өндіруді қамтамасыз етеді (14-кесте).
Жалпы мәдениет құрамдас бөлiгi бола отырып, саяси мәдениет өзiне әлеуметтiк-саяси институттарда бекiтiлген обьективтi элементтердi, саяси сана элементтерiн − бағдар, құндылық, нұсқауларды қамтиды. Халықтың тарихи санасы ұлттық саяси өмiрде сабақтастықты сақтаушы мемлекеттiк және саяси проблемаларды шешу тәсiлдерi мен дәстүрлерiн нақты кезеңдерде жарыққа шығарып отырады. Саясаттанушылар қоғамның саяси мәдениетiн үш негiзгi бөлiкке бөледi. Бұл бөлiктер адамдардың үш түрлi саяси бағдарларымен байланысты: 1) билiк құрылымына байланысты; 2) қоғамның басқа мүшелерiне қатынасына қарай; 3) өзiнiң саяси белсендiлi-гiне қатынасына қарай.
1 Билiк құрылымына қатынас өзiне екi түрдi: саяси тәртiпке қатынасты және билiктiк шығыс пен кiрiске қатынасты қамтиды. Тәртiптiк бағдар индивидтiң билiк құрылымының қызметiн бағалауын, қабылдаған шешiмдерге /шығысқа/ олардың қатынасын бiлдiредi.
2Индивидтiң басқаларға қатынасын жағынан саяси жүйеге бағдары үш түрдi қамтиды: саяси етенелесу, саяси сенiм, «ойын ережесi». Саяси етенелесуиндивидтiң саяси жүйенi мойындауы, оған деген жауапкершiлiгi мен мiндеткерлiгi. Саяси сенiм индивидтiң басқалармен азаматтық өмiрде ашық, бiрге, төзiмдi өзара қатынасын бiлдiредi. «Ойын ережесі» индивидтiң түсiнiп азаматтық өмiрде бағынуы тиiс ережелерiн қамтиды.
3 Саяси белсендiлiк өзiне екi түрдi қамтиды: саяси кәсiбилiк және саяси мәндiлiк. Саяси кәсiбилiк индивидтiң қоғамның саяси өмiрiне жиi араласуын, саяси ресурстарды пайдалану мүмкiндiгiн бiлдiредi. Ал, саяси мәндiлiк – индивидтiң өзiнiң саяси процеске ықпал ету мүмкiндiгiн сезiну.
Әр елдегi саяси мәдениет туралы бiлу үшiн мiндеттi түрде оның құрылымын ажыратып алуымыз керек.