Қазақстанның мына халықаралық ұйымдар деңгейінде ынтымақтас-тық, қауіпсіздік пен толеранттылық сияқты өзекті мәселелерді шешу бағытында қарқынды жұмыстар жүргізді
Қазақстанның мына халықаралық ұйымдар деңгейінде ынтымақтас-тық, қауіпсіздік пен толеранттылық сияқты өзекті мәселелерді шешу бағытында қарқынды жұмыстар жүргізді: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК). АӨСШК-ні құру туралы идеяны Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. АӨСШК елдерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы өтті;
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) мүшесі, 2009 жылы 3-қазанда құрылған.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 2010 жылғы төрағасы. ЕҚЫҰ Астана саммиті, 2010 жыл 1-2 желтоқсан;
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2011 жылы 20-желтоқсанда өтті;
Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық, 2011 жыл. 2011-2015 жылдарға арналған Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы ИЫҰ Іс-шара жоспары қабылданды.
Қазақстан халықаралық ұйымдарға төрағалық ету және белсенді мүшелік қызметі арқылы мынадай нәтижелерге де қол жеткізді:
әлемдік қауымдастықтың Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесінің жоғары бағалауы;
халықаралық маңызға ие мәселелер бойынша өзіндік бастамаларын іс жүзінде асыруға зор мүмкіндіктеріне ие болуы;
әлемдік қауымдастықты Азия континентіне, ондағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға көңіл аударту.