1. «Politik» - мемлекеттiк, немесе қоғамдық iстер, мемлекеттiк iстi басқару өнері деген мағынаны; 2. «Logos» - iлiм, ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
Саясаттану анықтамасы Саясаттану дегенiмiз қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштерi, оны ұйымдастыру жолдары, тәсiлдерi, қағидалары, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым.
Саясаттану– саясат және саяси билiк, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттерi мен саяси үрдiстер туралы логикалық тұрғыдан негiзделген бiртұтас iлiмдердiң жиынтығы.
Саясаттанудың қызметтері
азаматтардың саяси мәдениетiнiң теориялық және практикалық аспектiлерiн зерттеу, адамдарды әлеуметтiк-саяси жауапкершiлiк рухында тәрбиелеу жолдары мен формаларын анықтау;
халықаралық қатынастардағы жалпы адамзаттық және мемлекеттiк мүдделердiң тиiмдi қойылуын анықтау.
Жүйелiк әдiстiңмәнi саясатты бiр тұтас, күрделi организм, өзiн-өзi реттеушi механизм, қоршаған ортамен кiрiс (талап, мүдде) және шығыс (саяси шешiм) арқылы байланыста болатын тұтас жүйе ретiнде қарастыруында.
Салыстырмалы әдісұқсастық белгілері бар саяси нысандардың екі және одан да көбірегін өзара салыстырудан тұрады. Салыстырмалы әдіс салыстыру арқылы әртүрлі саяси жүйелердің, саяси құбылыстардың жалпы және айрықша ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.