2. жаңалыққа – жаңа әлеуметтік проблемаларға, қоғамдық пікірге, азаматтардың талаптары мен мүдделеріне икемді түрде жауап беру;
3. азаматтардың қоғамның саяси өміріне тең құқықты қатысуын қамтамасыз ету.
Саяси даму дегенiмiз саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.
Модернизация (ағыл. modern - қазіргі, алдыңғы қатарлы, жаңару) – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу.
Модернизация мақсаты ‑ қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету.
Модернизацияда қоғамның барлық саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек.
Модернизацияның түрлері:
1 Классикалық спонтанды үлгісі (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғам құрылымын жүйелі модернизациялау қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды.
2 Модернизацияның кешіккен және негізгі емес үлгі (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі) жаңғыртудың кейбір алғышарттарының (нарықтық қатынас, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, өзгерістер синхронды емес, авторитарлы сипатқа негізделінеді;
3 Кешігу модернизациясы үлгісі (Португалия, Испания) дамыған қоғамға өту саяси мәселелерді шешуден, мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекеттік құрылымның қағидаларын анықтаудан басталды. Ал, экономикалық жаңғырту кейінге қалдырылып, тек саяси мәселелер
шешімін тапқан соң қайта келеді.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы»
Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.) негізінде басталды.