№9 ЛЕКЦИЯ
Шөлейт, шөл зоналарының ландшафттары
1. Шөлейт зонасының ландшафттары
2. Шөлейт зонасының ландшафттарының аймақтық сипаты
3. Шөл зоналарының ландшафттары
4. Шөл зоналарының ландшафттарының аймақтық бөлінісі
Шөлейт зонасының ландшафттары:
Бұл зона Каспии маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км-ге созылған, жалпы 44млн.га немесе республика территориясының 16.5%-і негізінен Каспии маңы ойпатының солтүстігінде, Орал адды үстіртінің, Торғай төрткүлді жазығының және Сарыарқаның оңтүстігінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Жезқазған, Қостанай, Қарағанды, Семей облыстарының территориясында тараған. Климаты құрғақ континентті жағдайда қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 230-180мм, ауа темперетурасының 100С-тан жоғарғы жылдық қосындысы. Жазы ыстық, шілдедегі орташа температурасы 20.4-20.50С. Қысы суық, қаңтардағы орташа ауа температурасы -13.4-16.90С. қар жамылғысы жұқа.
Шөлейтті ландшафты геологиялық-геоморфологиялық негізі, климат және табиғат жағдайларының айырмашылығына қарай Шығыс Еуропа, Торғай және Орталық Қазақстан ландшафтылы аймақтарына бөлінеді. Қазақстандағы шөлейт зонасы дала мен шөлдің аралығындағы өтпелі зона. Ол республика территориясының 23 пайызын алып жатыр. Бұл зонаның климаты құрғақ, өте континентті. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ге дейін. Барлық жерде жаз ыстық болады, шілденің орташа температурасы 24-260, кейде 35-400 дейін көтеріледі. Қысы суық, ашық аязды күндері көп, қаңтардың орташа температурасы -14 – 160, зонашаның батысында – 420, шығысында -490 дейін төмендейді.Шөлейттің негізгі топырағы ашық-каштан топырақтан тұрады. Шөлейт зонасында әрі даланың, әрі шөлдің өсімдіктері өседі. Зонаның жануарлар дүниесі негізінен дала мен шөлде кездесетін жануарлар түрлерінен тұрады.
Торғай жазығы батыста – Мұғалжар мен Оңтүстік Орал және шығыста Қазақтың қатпарлы даласы аралығында орналасқан. Солтүстікте жазық Батыс Сібір жазығымен, ал оңтүстікте Тұран ойпатымен ұласып жатыр. Торғай жазығы – аса көлемді Тұран және Батыс Сібір ойпаттарына қарағанда көтеріңкі (150-250) жазық. Ол бұлардың арасындағы Оңтүстік Орал мен Қазақтың қатпарлы өлкесін жалғастырып тұрған көлемді аралық кең алқап (600 шақырымға дейін) болып табылады. Торғай жазығының орталық бөлігін басып меридиан бойымен дерлік кең (40 шақырым) аңғар созылып жатыр, онымен солтүстікке, Тобылға беттеп Торғай өзені ағады.
Торғай жазығының көрінісі ерекше. Жалпы алғанда тегіс алқаптың беткейлері тік, қысқа, жайпақ төбелі қалдық таулар – «сандық таулар» айрықша көзге түседі, сол қалдық таулардың арасында түбі кең, жайпақ құрғақ аңғарлар созылып жатыр, үлкен тегіс учаскелерге барып тірелетін текшелер де жиі кездеседі. Бұл аймақта жаз кезінде өсімдіктері қурап кетеді, жазық ашық, құқыл сарғыш, қоңырқай реңге енеді. Жер бедерінің текшелігі жақсы байқалады. Барлық жерден эолдық әоекеттің ізі көрінеді. Жазықтың шет жағы (оңтүстігі) молырақ тілімделген. Торғай жазығы бетінің шайылуы төрттік дәуірде, артық ылғалдылық пен Батыс Сібір жағынан, солтүстіктен келетін еріген мұздық суларының мүмкін болған ағысы кезеңінде болған.
Торғай жазығы аумағындағы қатпарлы палеозой фундаменті төмен түскен алқапты Арал – Торғай ойысы алып жатыр. Ойысты мезезой шөгінділері мен үштік жыныстар – теңіздік олигоцен және континенттік миоцен жыныстары толтырған.
Қазіргі өзендер кең арналы (20 шақырым) түбі жайпақ аңғарлармен ағады; олар аңғарлардың көлеміне сәйкес келмейді, сондықтан да олардың көбі жазды тартылып қалады. Эрозия көктемде жаңбырдан соң күшейе түседі. Аңғарларда ащы және тұщы көлдердің тізбегі кездесіп отырады. Олар терең емес (3 м). Көктемде көлдердің деңгейі шұғыл көтеріліп, ал жазда олардың көбі құрғап қалады, ал қазаншұңқырларының түбінде сор пайда болады.
Торғай жазығының оңтүстік бөлігінде бетегелі – жусанды шөлейт, ал солтүстігінде бозды – бетегелі алқап басым. Жазық, әрі тұзды болып келуінің салдарынан бүкіл территорияда галофиттер кең тараған. Оңтүстік бөлігінде жусан – ақ, қара және боз жусан өте көп. Бұл бөліктегі сортаңдар территорияның жартысына жуығын алып жатыр, бұларда сораң шөптер – көкпек, бұйырғын және басқалар басым. Солтүстік бөлігінде Лессингтің бетегесі, сарептский, көптеп ақ жусан, бидайық кездеседі.
Шөл зонасы республиканың оңтүстік шекарасына және биік таулы аймақтың етегіне дейін созылып жатыр. Әдетте бұл зонаны солтүстік және оңтүстік деп екіге бөледі. Солтүстік шөл оңтүстік шөлден жауын-шашынның мол болатындығымен, температура амплитудасының аздығымен және өсімдіктерінің біршама бай болуымен айырма жасайды.
Шөл зонасы республика жерінің 40 пайызын алады. Шөлдің климаты өте континентті келеді және құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм аспайды, ал кейбір аудандарда 75 мм дейін азаяды. Жазда ауаның температурасы көлеңкеде 400. Құмның температурасы жазда 700 дейін жетеді.Қысы суық, аяз – 300 дейін жетеді. Шөл зонаның топырақ жамылғысы солтүстігінде қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде саздақтың және лестің үстінде қалыптасқан сұр топырақ.
Шөл өсімдіктерінің ерекшелігінің бірі – олар табиғат жағдайына қарай бейімделген. Шөлдің жануарлары өзін қоршаған географиялық ортаның қатал жағдайына бейімделген және олардың өзіне тән ерекшеліктері бар.
Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр.
Қаратау жотасының ені 3-9 шақырым, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқынданып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Батыс Қаратаудағы Отпан шоқысының биіктігі 533 м жетеді. Ол жатық, жұмыр көмкерілген бір топ тау түрінде келеді. Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр.
Қаратау мен Ақтаудың арасы ояңдар – «аңғарлар» арқылы бөлінген. Солтүстік аңғардың рельефі өте күрделі, ал оңтүстік аңғарының рельефі біркелкі. Түпқараған түбегінің батыс бөлігі биіктігі 140 м жазық үстірт түрінде. Теңізге сұғынып жатқан түбектің ең жазық солтүстік бөлігі жіңішке және ұзын (10 шақырым) сайлармен тілімделген.
Маңқыстау түбегінің жер бедері жыныстардың геологиялық құрылысы және петрографиялық құрамымен тығыз байланысты. Маңқыстау антиклиналының ядросында тік қатпарларға жиналған триастың шөгінділері жатыр. Осылардан орталық жота – Қаратау құрылған. Антиклинальдың қанаттары юра және бор жыныстарынан түзілген, онда да юра құмтасты – сазды жыныстар, ал бор қатты, тығыз ізбес тастар түрінде болған. Бор жасындағы ізбес тастар антиклинальдың қанаттарына ойысып, жоталар – Оңтүстік және Солтүстік Ақтауды құрады, ал оңай бұзылғыш құмтасты – сазды юра шөгінділері жер бедерінің ойыс форомаларын – Ақтау мен Қаратау жоталары арасындағы «аңғарларды» құрайды.
Маңқыстауда құрылымы өте нашар, көбінесе түйіршігі ірі, сұр топырақ дамыған. Жөсімдік жамылғысында жусан басым, рельефтің ояңдарында сораңдар кездеседі. Маңқыстаудан солтүстікке қарай Каспийлік төрттік шөгінділерінен құралған Бозашы түбегінің кең, аласа және тегіс алқабы орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |