Тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:
Тамақ өнімдерін өткізуге Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін объектілерде ғана жол беріледі.
Егер тамақ өнімдерін өткізу кезінде оның қауіпті қасиеттерге ие болуына әкеп соққан бұзушылыққа жол берілсе, ол сатуға жатпайды және тиісті сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады.
Қазақстан Республикасынан экспортталатын тамақ өнімі, импорттаушы елде қолданылатын заңдарда, регламенттерде, стандарттарда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде өзгеше талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Тамақ өнімдері, сондай-ақ, егер межелі елдің уәкілетті органдары оны өткізуге ресми келісім берген жағдайда, ол денсаулық үшін қауіпсіз болған кезде экспортталуы немесе қайта экспортталуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттары жоқ тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады.
Жалпы қабылданған мөлшерде тұтыну кезінде тамақ өнімдерінің адам ағзасына уытты, канцерогендік, тератогендік, мутагендік немесе кез келген басқа да қолайсыз әсерінің болмауын айтады.
Қауіпсіздік химиялық, биологиялық және (немесе) табиғи текті ластағыштардың
құрамының регламенттелетін деңгейін белгілеуге және сақтауға кепілдік беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |