Лекция Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі



бет1/15
Дата26.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#76240
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
азық тех қауіпсіздігі (1)





Лекция 8.
Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі.





Тағам өнімдері - адамның тамаққа пайдалануына арналған жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынған табиғи немесе әртүрлі тәсілдермен өңделген түрдегі өнімдер.
Тамақ өнімдерін дайындауда - қайта өңдеу (өңдеу) жылумен өңдеуді (мұздатудан және салқындатудан басқа), консервілеуді, пісуді, ашытуды, тұздауды, кептіруді,
маринаттауды, концентрациялауды, экстракциялауды қамтитын үдерістердің үйлесуі.
Тамақ өнімдеріне және басқа да мамандандырылған тамақ өнімдеріне:

  • барлық сусындар — алкогольді, алкогольсіз (оның ішінде ыдыстарға құйылған ауыз су);

  • Нан, сүт өнімдері;

  • тамақ өнімдерін дайындау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын кез келген заттар

(азық-түлік шикізаты, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар және т.б.) жатады
Азық-түлік (тамақ) шикізаты - азық - түлік өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізаттар мал, өсімдік, микробиологиялық, минералдық, өсімдік немесе биотехнологиялық текті өнімдер және сұйық тамақтар болады.
Тамақ өнімдеріне белгілі бір органолептикалық және (немесе) технологиялық қасиеттер беру үшін, сондай — ақ олардың сақталуын жақсарту үшін тағамдық қоспалар- өзінің тағамдық құндылығы бар немесе жоқ, әдетте адам тікелей тамаққа пайдаланбайтын, оны өндіру, тасымалдау және сақтау кезінде технологиялық мақсатта тамақ өніміне әдейі енгізілетін кез келген заттар (немесе заттар қоспалары) қолданылады. Осы заттар немесе олардың өзгерген өнімдері тамақ өнімдерінің құрамдас бөлігіне айналауы мүмкін.
Тағамдық қоспа бір немесе бірнеше технологиялық функцияларды атқара алады.
Атқаратын функцияларына байланысты:

  • Бояғыштар;

  • Консерванттар;

  • Антиоксиданттар;

  • Консистенцияны тұрақтандырғыштар,

  • Эмульгаторлар;

  • Қышқылдықты реттегіштер және қопсытқыштар:

  • Дәм және хош иісті күшейткіштер.

Тағамдық рационды биологиялық белсенді заттармен байыту үшін биологиялық белсенді қоспалар (БАД) - табиғи және (немесе) табиғи биологиялық активті заттар, сондай-ақ тағаммен бір мезгілде пайдалануға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған пробиотикалық микроорганизмдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет