Энергетикалық құндылық
-
тамақ өнімдерінің калориялығын бағалайтын
көрсеткіш, яғни биологиялық тотығу барысында макронутриенттерден босатылуы мүмкін
энергия үлесі
.
Ол тағамдық өнімнің тағамдық құндылығын анықтайтын маңызды белгі
болып табылады
.
Тамақтың құрамындағы күрделі заттардың қарапайым заттарға тотығуы мен
ыдырауы кезінде өмір сүру процестерінде ағзаға энергия бөлінуде, және дәл осы тағам
заттарындағы энергия адамның тағамға деген қажеттілігінің өлшемі болып табылады
.
Энергияны килокалорий (ккал) немесе килоджоул (кДж) түрінде көрсетеді
. 1
ккал
4,18
кДж сәйкес келеді
.
Негізгі энергия көздерінің рөлі макронутриенттерге
-
ақуыздар,
майлар мен көмірсуларға жатады
.
Энергетикалық құндылығы (құнарлылығы) бойынша Тамақ өнімдері
4
топқа
бөлінеді
:
1.
Энергетикалық құндылығы ерекше
:
шоколад, майлар, халва
-400900
ккал
/
г
;
2.
Энергетикалық құндылығы жоғары
:
ұн, жарма, макарон, қант
-250-400
ккал
/
г
;
3.
Энергетикалық құндылығы орташа
:
нан, ет, шұжық, жұмыртқа, жұмыртқа ликері,
арақ
-100-250
ккал
/
г
;
4.
Энергетикалық құндылығы төмен
:
сүт, картоп, көкөністер, жемістер, сыра, ақ шарап
-
100
ккал/г дейін
.
Адамның қалыпты өмір сүруі үшін макро
-
және микронутриенттердің белгілі бір
арақатынасы қажет
.
Ағзаның қажеттілігін қанағаттандыру энергия көздерін (ақуыз,
майлар, көмірсулар), алмастырылмайтын амин қышқылдарын, алмастырылмайтын жоғары
май қышқылдарын, витаминдерді, минералды заттарды қамтитын негізгі тағамдық
заттармен қамтамасыз етілуі тиіс
.
|