Лекция Тақырыбы : Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері Жоспар



бет3/6
Дата10.12.2023
өлшемі65,61 Kb.
#135783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 лекция

Үшінші алқап – сазды жерлерден төмен жатқан шөлді жер. Бұлар негізінен қазіргі немесе ертенгі өзендердің уақытша таудан аққан су ағыстарының майда шөгінділері, еңістігі шамалы тегістіктер. Топырақ қабаттары әр түрлі болып келеді. Оның жоғарғы бетінде ұнтақталған майда топыарқтар, астында көбінесе құмды қабаттар кездеседі. Жер асты сулары бұл алқапта әртүрлі тереңдікте: өзен, көлдерге жақын жерлерде су жер бетіне жақын, ал олардан алыс жерлерде тереңде жатады. Бұл алқаптың топырақтары әр түрлі. Су жайылымы жететін жерлерде алювиалды – шалғынды, шалғынды - батпақты және батпақты топырақты болса, шөлді жерлерде тақыр түсті және сұр- құба топырақтар мен тақырлар , құмды массивтер кездеседі.
Соңғы кезеңдерде игерілген және келешекте игерілетін жерлердің басым көбі алқапта орналасқан. Бұл алқапты суарған кезде жер асты суы барлық жерде бірдей тез жоғары көтеріліп, топырақ сорлана бастайды.
Осындай қолайсыз жағдайларды болдырмас үшін көптеген ирригациялық , инженерлік, мелиоративтік шараларды дер кезінде қолдану қажет.Мелиорация жағдайын жақсартатын шаралардың бірі – жердің бетін жаппай тегістеу. Каналдар мен арықтардың судың жерге сіңіп, ысырап болуына қарсы күресу, жер асты суының жоғары көтерілу шапшаңдығын бәсеңдетеді.Ол үшін каналдар мен арықтардың табандары мен бүйірлерін су өткізбейтін бетон плиталармен немесе латоктармен қаптау керек. Ал кейбір жағдайда арықтардың суды сіңіруін азайту үшін майда ұнтақталған балшық- бентонит сепкен жөн.
Судың босқа ысырап болып , жер астына сіңіп кетпеуі үшін топырақтың физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, оны тәртіппен мөлшерлеп қана беру керек.Мелиорациялық жағдайы қолайсыз аудандарда қаншалықты суды үнемдеп , жердің астына көп жібермеу әрекеттерін істегеннен , 5-6 жылдың ішінде жер асты суы жоғары көтеріліп, топырақ сорлана бастауы, ал кейбір ойпатты жерлердің батпаққа айналып кетуі ықтимал. Сондықтан мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарда топырақты сорланудаан, батпақтанудан сақтайтын негізгі әдіс – инженерлік жомен қазылған терең коллекторлы – керізді жүйелер арқылы жер асты суының ағымын жасау. Суармалы алқаптардың мелиорациялық жағдайының қолайсыздығына қарамастан , соңғы жылдарға шейін коллекторлы – керіз жүйелерін қазу жұмысы жөнді шешілмей келді.Осының салдарынан Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан обылыстарының көптеген суармалы жерлері суланып , істен шықты. Егіншіліктің жылжымалы жүйесі , яғни бір жер сорланып істен шықса, оны тастап, екінші жерге егін егу практикасы көбірек орын алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет