Лекция Тақырыбы : Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері Жоспар



бет1/6
Дата10.12.2023
өлшемі65,61 Kb.
#135783
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6

2 лекция


ТақырыбыҚазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері


Жоспар:
1.Қазақстанның суармалы еігіншілігі.
2.Сортаңданған жерлерді игеру.
3.Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау.
4.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру.
5.Топырақты тыңайту мәселелері.
Лекция мәтіні:
1.“Мелиорация” деген сөз түбірі латын тілінен алцынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Мәселен, ауа райын, жер бедерін т.б. әр аймақтардың табиғи орналасу (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерінде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни сулану басым, булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады.Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдан құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.
Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану өте көп.Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында негізіне құрғақ дала, шөл дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақы ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суарады.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күн ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суармайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналысу атам заманнан бері сумен байланысты. Дегенімен белгілі Қазан төңкерісіне дейін бұл өлкеде суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару – оңай емес. Ол үшін күрделі ирригациялық –инженерлік құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылады.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістеуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жерілікі шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазақ пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алабын суару үшін оның топырағын жан –жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы – агроном М.М. Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы –“ Топырақтану ғылым әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес ” деген бұрыштама қойыпты . 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзенінің бойын инженер В.А. Василевь толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді жақсарту бөлімінің бастығы книязь Р. И. Мосальский бұл жобаға: “Архивке әлде бір қырғыздар қоныстанған , Шу бойын суару жобасы кімге қажет” деп қол қойыпты. Міне, осындай көз қарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық “қамқорлық ” жасағаны көрінеді.
Қазан төңкерісінен кейін жағдай өзгерді. Жерді суару, құрғақшылықпен күресу және шөл аймақтарда суарылған кезде ғана өсетін мақта егісінің көлемін, өнімін арттырып, шет елдерден мақта шикізатын тасуды тоқтату міндетін алға қойды.
1918 жылғы “Түркістандағы суландыру жұмыстарына 50 млн сом қаржы бөлу жөнінде бұл жұмыстарды ұйымдастыру туралы ” деген деректе былай делінген: 1. Орыс тоқыма өнеркәсібін мақтамен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жоспары бекітілсін, бұл жоспар мынадай: а) Самарқан обылысының Ходжент уезіндегі Бетпақ даланың 500 мың десятина жерін қамтитын ирригациялық жүйенің басты құрылыстарын қамтамасыз ету; б) Ферғана обылысының Үшқорған даласының 10 мың десятина жерін суландыру; в) Заравшан өзенінің арнасын реттеу жолмен мақта дақылына арнап 100 мыңдай десятина жерді босату үшін Заравшан өзеніндегі Дунлин алқабында 94 мың десятина жерді суландыру үшін салынатын ирригациялық жүйелердің құрылысын аяқтау.
Бұл ирригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін Түркістанда (Ташкентте) арнайы ирригациялық жұмыстар басқармасы құрылып, оған жоғарыда көрсетілген 50 млн сом қаржы бөлінді.
Бұл құжат түркімен, өзбек, тәжік, қырғыз және қазақ халықтарының ғасырлар бойы арманын іске асыру үшін жер суландыру құрылыстарын кеңінен өзгертуге , суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Айта кету керек, Ленин бұл декретке қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы декреттің өмірде жүзеге асуы үшін көптеген шаралар қолданды. Мысалы,1918 жылыдың тамызындағы хатта: “Түркістан өлкесінің басшыларына, Түркістан ирригациялық жүйелерінде істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер басқа жұмыстарға жіберілмесін , олараға тұрғын үйлер мен қоғамдық бөлмелер тез бөлінсін ” делінген. Осы күні Петроградтың төтенше комиссиясының председателі И.С. Урицкийге телеграмма соғылып , Петроградтан Түркістанның ирригациялық басқармасына жөнелтілетін жүктердің тоқтаусыз жеткізілуі талап етілген. Ирриация жұмыстары қарқынды қолға алынып , бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынанда тыс қалған жоқ. Бұл жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электірлендіруімен , механикаландырулармен қатар жерді мелиорациялау, яғни жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.
Бұдан кейінгі жылдарыда жерді суарудың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызына үнемі үлкен назар аударылып отырды. 1921 жылдың көктемінде Әзербайжан, Грузия, Армения, Дағыстан және тау халықтары республикаларының еңбекшілеріне жазған хатта: “Егіншілік пен мал шаруашылығын қалай болғанда да игеру үшін жерді суару ерекше маңызды. Суару бәріненде гөрі керек және бәрінен гөрі өлкені қайта құрады, оны жандандырады, ескіні келмеске жібереді, жаңа өмірге өтуді нығайтады” деп ирригацияя мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Шу өзені бойында игерілген жер көлемі жоғарыдағы декретте көрсетілген көлемнен бірнеше есе асып, қазір қырғыз , қазақ республикаларындағы осы өзен суымен суарылатын егістік 500 мың гектарға жетті (негізінен қант қызылшасы егіледі). Таяу болашақта суармалы жер көлемі қазіргіден әлде қайда артады.
Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздың әл – ауқатын жақсарту, күнделікті талғам талабын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінде , көлемінде арттыра түсу керкек. Суармалы жерлердегі егістіктер- ауыл шаруашылығымызды өркендетудің негізгі қайнар бұлағы, байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы жылдары қатты шұғылданып келеді. Таяу жылдары елімізде суармалы жер көлемі үдемелеп артып келешекте суармалы егіншілік дамымақ. Себебі республиканың табиғи жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілген, жыртуға жарамды жерлері түгелімен егістікке игерілген, ал қалған егістікке жарамды жерлерді игеру үшін оларды міндетті түрде қолдан суару қажет.
Қазақстанның суармалы жер көлемі қазір 1,0 млн гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Оңтүсік Қазақстан және Қызылорда обылыстарында . Болашақтағы осы обылыстардағы мол сулы өзендер - Іле, Шу, Сырдария және басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2-2,2 млн гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді Қазақстанның батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысымен терістігінде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ.
Мелорацияны кең көлемде дамыту әр елдің техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.
Соңғы жылдары мелиорациялық жұмыстар техниканың дамуына байланысты қауырт өрістеді. Ертеректе ғалымдар мелиорацияны ХХ ғасырдың резерві деп болжаған. Шындығында солай. Мәселен, ХХ ғасырдың басында суармалы жер көлемі дүние жүзінде 40 млн гектар ғана болса , қазір ол алты еседей көбейіп , 235 млр гектарға жеткен. Дүние жүзіндегі суармалы жер көлемі 235 млн га, яғни бұл суарылмайтын егістік көлемінен 6 еседей аз. Соған қарамастан бұл жерлерден бүкіл азық- түлік өнімдерінің жартысы өндіріледі, демек 1 га жер сууармалы жер өзінің өнімділігі жағынан 6 га ссуарылмммайтын жерге теңеседі. Бұл жағдай Қазақстанға да тән.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда кешенді механикаландырудың, химияландырудың және мелиорациялаудың маңызы ерекше. Қазақстан жері негізінен құрғақшыл аймақ, мұнда батпақты жердің жоқтың қасы. Осы себепті республикамызда жерді суаруға көп көңіл бөлінді.Қазір Қазақстанда суармалы егіншілік көлемі 1,0 млн гектардай,. Жерді суару жағынан республика ТМД елдер ішінде Өзбекістан мен Ресейден кейінгі үшінші орында, демек елімізде суармалы егіншіліктің болашағы зор. Онда суаруға жарамды жер көлемі 30-40 млн гектар. Оның үстіне Қазақстанда суарудың тиімділігі басқа Достастық елдеріне қарағана едәуір жоғары. Мысалы, белгілі агроклиматологтар Ф.Ф. Давитая мен С.А. Сапожниковалардың (1963) мәліметтеріне қарағанда, түрлі аймақтарда жеді суарудың тиімділігін анықтайтын коэффициент жасауға болады. Бұл коэффициент бойынша ссуарудан алынатын қосымша молырақ өнім Қазақстанда және Орта Азия республикаларында едәуір артық. Бұл жағдай іс жүзінде кезінде дәлелдендіде. Әлемдік рекорттық өнімдер: күріштер гектарынан 171 центнер (Ы. Жақаев), тарыдан 201 центнер (Ш. Берсиев), қант қызылшасынан 1500 центнер (О. Гоноженко), темекіден 35-40 центнер (П. Томоровский), Қазақстанның суармалы жерлерінен алынды.
Жерді мелиорацияалау мәселелерін негіздеу мақсатымен Сырдария, Жайық, Шу,Талас, Іле, Қаратал, Тентек, Лепсі, Көксу, Арыс өзен бойлары мен сағалары, Маңғыстау түбегі жан – жақты зерттелді, топырақты мелиорациялау мүмкіншіліктері анықталды. Ұлттық ғылым академиясының Топырақтану институтты республикадағы күріш егуге жарамды жерлерінің барлығына мелиорациялық зерттеулер жүргізді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда обылыстарында күріш егуге жарамды жерлер анықталды. Алматы обылысында негізгі күшті аймақ Іле өзенінің бойы мен сағалары болмақ. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде 500 ммың гектардан астам күрішке жарамды жерлер белгілі болды, оның су жеткізуге қолайлысы- 300 мың гектардай. Дегенімен оның барлығын суаруға су жетпейді. Кезінде Ақдала алқабында “Батпақты ” “Октиябырдың 50 жылдығы”, “Ақдала”, “Жеңіс”, “Тыңның 25 жылдығы” күріш совхоздары ұйымдастырылып отанымызға қымбат ақ маржанды дән тапсырған болатын. Ескеретін жай: бұл аймақ еліміздегі күріш егілетін ең терістік аймақ, ссондықтан мұнда күріш егісінің пісіп жетілуіне кейбір жылдар вегетациялық уақыттың жетіспеуі байқалады. Бұған қоса Балқаш көлінің деңгейі бір қалыпты сақтау мақсатымен , бұл өңірде бұдан былай күріш егісін азайтып, мал шаруашылығымен шұғылдану жоспарланған.
Оңтүстік Қазақстан обылысының Шардара ауданындағы Сырдария өзенінің ескі жағалауларында да күрішке жарамды жерлер көп. Мұнда Шардара және Отырар далаларында 1 млн гектардан астам суаруға жармды жерлер зерттелді, 500 мың гектардай жері су келуге ыңғайлы. Дегенімен оның барлығын түгелдей игеруге су көздері жетіспейді. Қазіргі кезде Сыр бойының теріскей жағалауындағы аймақ Қызылқұм каналы арқылы игерілуде. Қызылқұм алқабын алғашқы кезеңінде күріш шаруашылықтары игерген. Қазір мұнда көлемі 40 мың гектардан астам суармалы жерде егістіктер орналасқан. Табиғи жағдайда өнім беріп жарытпайтын тақыр түстес топырақтар , оны суарып, тыңайтқыштар қолданған кезде гектарына 40-50 центнер ақ маржан беруде.
Игеру кезеңі соңғы жылдары басталған бұл алқаптың екінші кезеңінде 60 мың гектар суармалы жер іске қосылды. Екінші кезектегі игерілген жерлердегі шаруашылықтардың негізгі бағыты мақта шаруашылықтары болмақ. Осы бағытта мамандандырылған “Ақ алтын”, “Достық” атты мақта шаруашылықтары “ақ алтынның өнімдерін жап- жақсы өткізуде.”Мұнда суармалы егіншіліктің дамуын тежеп отырған нәрсе – су көздерінің жетіспеуі.
Қазақстанның негізгі күшті аймағы Қызылорда екені мәлім. Зерттеулерге қарағанда , ауыспалы егіншілік жүйесі арқылы күріш егуге жарамды жерлер обылыста 5 млн гектардан астам, оның 2,4 млн гектары күрделі мелиорациялауды қажет етпейді. Дегенімен республикадағы су тапшылығын ескере отырып, суармалы жер көлемін бұл аймақта 150 мың гектарға жеткізіп, оның 70-80 мың гектардан астамына тек күріш егілмек.
Қазіргі уақытта Қызылорда обылысындағы таза күріш егісі 60 гектардан артық. Соңғы жылдары судың тапшылығына қармастан , егістің әрбір гектарынан орта есепен 30-40 центнер “күміс дән” алуда. Ал Жалағаш ауданының еңбеккерлері 150 мың гектарға жуық күріш егісінің әр гектарынан 40-50 центнер жинады. Жекелеген звенолар мен бригадаларда гектарына 80-100 центнер өнім жинаған күрішшілер саны оннан астам. Сыр суын егістікке , Оңтүстік Қазақстан обылысында мақта, күріш, ал Қызылорда обылысында негізінен күрішке пайдалану жайын сөз еткенде, қазіргі апатқа ұшырап отырған Арал аймағын естен шығармауымыз керек. Мойындайтын жай: Сыр суын Өзбекстанда, өз республикамызда тиімді пайдаланбаудың нәтижесінде Арал құрғай бастады. Бұл дағдарысты ары қарай шиелендіре түспеу үшін Сырдың жоғарғы және орта бойындағы суды мол қажет ететін дақылдарды азайту қажет. Қазіргі кезде облыстың Жаңақорған, Шиелі аудандарында бұрынғы күріш егісі орнына мақта егу осы саладағы игілікті бастама.
Жайық өзенінің бойы - суармалы егіс үшін мүмкіншілігі мол аймақ. Зерттеулер Батыс Қазақстан обылысында суаруға жарамды, бірақ әр түрлі мелиорациялау жұмыстарын қажет ететін жер көлемі 8-10 млн гектарға жететінін анықтап отыр. Атырау обылысында жер көлемі 2,0 млн гектарға жуық. Бұл жерлердің біраз бөлігін суаруға мұндағы су көздері жетіспейді. Дегенімен біршама жерлерді суаруға мүмкіншіліктер бар. Ол жайында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанның терістік және орталық аудандарының топырақтары өте құнарлы болғандықтан, оларды суару көбінде топырақты алдын ала жақсартуды қажет етпейді. Терістік аудандарда негізінен дәнді дақылдар егіледі. Сондықтан осы дақылдарды ауадан ылғал аз түсетін көктемнің соңғы, жаздың басқа айларында 1-2 рет қосымша суарса, астықтың өнімділігі гектарына 30-40 центнерге жетеді. Бұл жерлерді суару кейбір шаруашылықтарда қолданыла бастады.Ақмола обылысындағы “Степногор” совхозының тәжірибе учаскесінде тыңайтқыш енгізіп жаңбырлатқыш машинамен бір рет суарған кезде (гектарына 650 м/3) “Саратовская-29” тәлімі бидайдың өнімі әр гектарына 40-42 центнерге жеткен. Бұл аймақтарда егістіктерді суару үшін мол сулы Ертіс өзенінің суы біршама пайдаланылады. Біраз егістіктер, негізінен көкөністер Ертіс- Қарағанды каналы бойында өріс алған.
Қазақстанның көп жерінің климаты құрғақ , шөл дала, шөл оның үстіне аймақтарда жерді суаратын табиғи су кем, яғни барлық мәселе суға келіп тіреледі. Қазақстанның құрғақ шөлді аудандарында жер асты суларының мол қоры бар. Ұлттық ғылым академиясының акдемигі, Социалистік еңбек ері У.Ахметсафиннің (1965) көп жыл жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстанда жер асты теңіздері табылды.Қазақстандағы суармалы жер азайып бар болғаны 1,0 млн гектардай, жалпы егіс көлемінің 5,0%.
Суармалы жердің тағы бір артықшылығы: бір жылда екі өнім алуға мүмкіндік береді. Мәселен, тез пісетін астық дақылдарына кейін немесе жазда пісетін картопты жинап алғаннан кейін вегетативтік уақыт Алматы обылысында 70-80 күн, ал Оңтүстік Қазақстан обылысында 90-110 күнге дейін созылады. Бұл уақыт ішінде аңыздыққа тез пісетін тары немесе сүлем жүгері сияқты дақылдарды егуге болады, былайша айтқанда ссуармалы егістіктердің экономикалық тиіммділігі мол.Біріншіден ешқандай өнім бермейтін, тіпті жайыфлымға жарамайтын шөлді жерлер суарылса, ол табиғаттың қолайсыз құбылыстарына тәууелсіз болып, тұрақты әрі мол өнім береді. Екішіден, суармалы егіншілік аймақтарында күн шұғыласын мол қажет ететін, халық шаруашылығына өте керек техникалық дақылдар- мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, бау- бақшалар, дәрілік шөптер өсіп, мол өнімдер береді.
Белгілі ғалым акдемик В.М.Боровский (1967) оңтүстіктегі суармалы егістікке игерген жерлерде қолдануға қажетті ирригациялық, шаруашылық жұмыстардың әр түрлі болатынына қарап, негізгі 3 мелиоративтік алқапқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет