2.Тіктігі 2-30 болатын еңкейістегі шаңғы ізімен жай қарқынмен қозғала отырып жүруді 3-санақ бойынша орындау: “бір” санағы бойынша қолды таяқтармен бірге алға шығару (1-нүкте); (екі) санағы бойынша оң (немесе сол) аяқпен (2-нүкте) серпілу және таяқтарды аяқтың басының қасына қарға тіреу (3-нүкте); таяқтар сүйір бұрышты қалыпқа келгенге дейінгі кезеңге дейін бір шаңғыда сырғанау (4-нүкте); “үш” санағы бойынша таяқтармен бір мезгілде серпілу (5-нүкте) және серпілетін аяқты (6-нүкте) тіреуіш аяқтың қасына сермей қимыл жасап қою, одан әрі сырғанау (7-нүкте).
3.Аласалау беткейден бір мезгілді бір адымды жүрісті толығымен бүтіндей (үзіліссіз) орындау.
Таяқтар шығыршығымен алға қараған қалыпқа келгенше аяқпен серпілуді бастамау керек. Серпілетін аяқты тіреуіш аяқтың қасына қоюды белсенді қимылмен орындау керек.
Жүруді бірде оң аяқпен, бірде сол аяқпен кезектесе отырып серпілумен орындау қажет.
Таяқтар шығыршығымен алға қарай қараған қалыпқа келгенше аяқпен серпілуді бастамау керек.
бір екі үш
3-мақсат. Бір мезгілді бір адымды жүріс тәсілін жетілдіру.
1.Жүрісті жадағайлау беткейде және тегістікте әр түрлі жылдамдықпен орындау
2.Бір мезгілді бір адымды жүрістің жылдам жүру нұсқасы мен негізгі нұсқасының 2-3 циклын кезектестіре орындау
3.Қозғалмалы ойындарда бір мезгілді бір адымды жүріспен қозғалу
4.Жарыстарға қатысу
Шұғылданушылардың назарын қолды уақытылы белсенді қимылмен сермей шығаруына аяқпен және қолмен серпілудің аяқталуына және адымның оң аяқпен және сол аяқпен кезектесіп келуіне, сонымен қатар қимылдың үйлесімділігіне аудару керек.