Лекция. Тақырыбы: Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата01.03.2023
өлшемі436 Kb.
#70835
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 7

Кейс-стади. 
Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты талдауға арналған 
іскерлік ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық 
сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңызын түсіндіріп, 
жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік 
шешу жолдарын көрсетеді. 
Кейс-стадиді қолдану: 

жүйелі, корреляциялық, факторлық, статистикалық және тағы басқа 
талдау біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді; 

білім алушылармен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын 
жобалайды; 

«ми шабуылы» пікірталасын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр 
жақты шешім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды. 
Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді 
меңгеруі емес оны өндіруге, яғни теориялық білімін практикалық 
міндеттерді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім 
алушылардың ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс 
жасауына басты назар аударылады. 
білуіне бағытталған. 
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық 
технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: 
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін 
мақсатты түрде ұйымдастыра білу; 
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде 
тәрбиелеу; 
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; 
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту 
Оқытудың техникалық құралдары: слайд, интербелсенді тақта, 
бейнетаспа, ноутбук, ұялы телефон


Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: бинарлық 
лекция, топтық пікірталас лекция, кері байланысты техниканы қолдану 
дәрісі 
Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпайға дейін)
І-ші деңгей:
1. 
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, оқу және оқыту 
әдіс-тәсілдерді жіктеңіз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет