Лекция тақырыбы: «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылым салаларымен байланысы



бет19/27
Дата13.03.2022
өлшемі322,25 Kb.
#27770
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
1 lektsiya bagalaud n olshemdik tehnologiyalar kurmanova a.k

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін. Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет