Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды. Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы қажет. Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |