Байланысты: 1 lektsiya bagalaud n olshemdik tehnologiyalar kurmanova a.k
Тоқсандық жиынтық бағалаутоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін. Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді.