Лекция тақырыбы: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару


Бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалау



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата03.05.2023
өлшемі430,94 Kb.
#89463
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Л 15 ИББ

Бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалау 
Бағдарламаның жүзеге асырылуын әдістемелік кеңес басқарады, ол 
төмендегідей қызметтерді атқарады: 
· аралық нәтижелерді және оның жалпы жүзеге асырылу барысын
бағалайды; 
· бағдарламаны орындау тәртібі, жеке бағдарламалар мен жобаларды 
енгізу, алып тастау туралы ұсыныстар дайындайды, мақсаттық 
көрсеткіштерді нақтылайды; 

жалпы басқару мен бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалауды 
іске асырады; 

бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етілуі мен оның барлық 
қатысушыларына қолдау көрсетуді іске асырады (ұсыным түрінде). 
Мониторинг баланың дамуын қадағалау процесс ретінде
Ауытқушылықтары бар балаларды нақты дағдыларға үйрету мен 
сабақтарды ұйымдастыру - өте қиын және аса маңызды міндет. Бұзылыстары 
бар балалардың қажеттіліктерін ескерумен бағдарламалардың бейімделуі 
барлық кезде дұрыс болып шықпайды. Кейде қолданылатын бейімдеу 
тәсілдері жағымды нәтижелерді өзгертеді, кейде нәтижелер күтулерге сәйкес 
келмейді. Сондықтан, бейімдеу көмегімен алынған нәтижелер міндетті түрде 
мониторингтен өткізілуі тиіс. 
Мониторинг - бір немесе бірнеше балалардың дамуын немесе қажетті 
дағдылар мен іскерліктерді меңгеруін қадағалау процесі. 
Мониторингтің мақсаты - баланың білім беру бағдарламасын меңгеру 
деңгейін және білім беру мекемесінде ұйымдастырылатын білім беру 
процесінің баланың дамуына әсерін анықтау. 


Ф-ӘД-001/046 
Мониторингтің нысанасы болып баланың физикалық, интеллектуалдық 
және жекетұлғалық қасиеттері табылады. 
Мониторинг екі компоненттен тұрады: білім беру процесінің 
мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгерудегі нәтижелерді қадағалау); 
бала дамуының мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгеру курсынан 
соң баланың интегративтік қасиеттерінің дамуын бағалау негізінде 
жүргізіледі). 
Мониторингтің түрлері: баланы бақылау; әңгімелесулер; эксперттік 
бағалаулар; тесттік емес типтегі әдістемелер; көрсеткіштерді анықтауға 
бағытталған тесттер; скрининг-тесттер. 
Мониторинг екі деңгейде іске асырылады. 
Біріншіден, балалардың бейімделген іс-әрекет түрлеріне және 
сабақтарға қатысуын үнемі мониторингтеу, әдетте бұл балалардың барлық іс-
әрекет түрлерін тікелей кәсіби бақылау. Жиі қатысу (қатыспау) мөлшері 
(ұзақтылығы), күту уақыты және т.б. өлшенеді. 
Мониторингтің екінші деңгейінде балалардың үйренген іскерліктері 
және өзара байланыстарды меңгеруі мен пайдалануы қадағаланады. 
Балалардың үлгерімін (дамуын) мониторингтеудің бірқатар жүйелері бар. 
Таңдау қандай мәлімет жинақтау қажет және де оған қанша уақыт 
жұмсалатынына байланысты, бірақ, қалыптыдан ауытқушылығы бар балалар 
жағдайында, белгіленген мақсаттар бағытында баланың жылжуын 
формальды мониторинг шеңберінде қадағалау қажет. Әдетте мониторинг 
балаларды күнделікті өмірлік іс-әрекеттер процесінде тікелей кәсіби бақылау 
арқылы іске асырылады. 
Мониторингті күніге, апта сайын, әр екі апта сайын және т.с.с. өткізуге 
болады. Мониторингтің жиілігі бақыланатын іскерлік пен баланың даму 
жылдамдығына байланысты. Егер бала жеткіліксіз жылдамдықпен дамымаса, 
онда педагогтарға бағдарламаға өзгерістер енгізуге тура келеді. 
Балалар нақты іскерлікті меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда 
мониторингті жиі жүргізу қажеттілігі туындайды. Егер даму процесі 
шамамен тұрақты жүріп жатса, онда мониторинг сирек өткізіледі. Жиі 
өткізілетін мониторингтің мақсаты - сабақтарға немесе оқу процесіне 
енгізілуі қажет өзгерістерді анықтау. Балалардың дамуының мониторингін 
табиғи ортада, күнделікті сабақтар және өзара байланыстар барысында өткізу 
керек. Мониторингке мәлімет бақылаулар, күнделікті жүргізілетін жазбалар, 
ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлерін анықтау арқылы жинақталады. 
Кейде бұл үшін тесттер қолданылады. 
Егер балалардың жетістіктері күтілімдер мен қойылған мақсаттарға сай 
болмаса, онда келесі сұрақтарға жауап алу қажет: 
4) Қаншалықты бала нәтижелі оқиды және қажетті дағдылар мен 
іскерліктерді меңгереді? 
5) Баланы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының қандай аспекттерін өзгерту 
(бейімдеу) қажет? 
Бағалау үшін баламен жиі әрі ұзақ байланыста болатын адамдардың 
бақылаулары мен интервью нәтижелері қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет