Ф-ӘД-001/046
№ 15. Лекция тақырыбы: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару
Лекцияның оқыту нәтижелері: Мүмкіншілігі
шектеулі балалармен
жұмыс жасауға дайындығын көрсетеді, топта және ұжымда мүмкіндігі
шектеулі балалармен қарым-қатынас орнатуды жүзеге асырады, тұлға
ретінде кәсіби құндылықтарға жету үшін
құндылық бағдарларын көрсетеді,
білім берудегі инклюзивті үрдісті басқара алады.
Лекция мазмұны:
1. Білім берудегі инклюзивті үдерісті басқару.
2. Педагогикалық жобалау көп фунциялы білім беру қызметінің ерекше түрі
ретінде.
3. Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
жүргізетін мамандарды даярлау: мұғалім-дефектологтар,
психологтар,
әлеуметтік
педагогтар; мектептің,
балабақшалардың әкімшілігі;
жергілікті
білім беру органдары өкілдері.
4. Инклюзивті процестердің тиімділігін талдау құралы ретінде мониторинг
технологиясы.
5.Инклюзивті үрдістің критерийлері мен көрсеткіштері.
Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балалармен
жұмыс жүргізетін мамандарды даярлау: мұғалім-дефектологтар, психологтар,
әлеуметтік педагогтар; мектептің, балабақшалардың әкімшілігі; жергілікті
білім беру органдары өкілдерінің қызметтерімен таныстыру
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке
мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білімге тең қол
жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс .
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім
берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың
білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне
арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру әр
балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз
әлеуетін және білім алуға құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім берудің артықшылығы оқушылардың араласуында.
Қатынасу – білім беру басталатын нүкте. Мұғалімдер балалармен,
оқушылар мұғаліммен және бір- бірімен қатынасуы тиіс.
Бүгінгі таңда ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны 144 783
баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228
мектепке
дейінгі жаста.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019
жылға қарай:
Ф-ӘД-001/046
мектепке дейінгі ұйымдардың 30%; мектептердің 70% инклюзивті білім
беру үшін жағдай жасау;
психологиялық-педагогикалық түзеу және
психологиялық-педагогикалық
консультациялар кабинеттері желісін кеңейту.