Лекция. Тақырыбы: Электр энергиясының сапасы Лекцияның оқыту нәтижесі: электр энергия сапасының көрсеткіштерін байқайды және есептейді. Электр тораптарында кернеуді реттеу әдістерімен танысады



бет1/2
Дата04.01.2023
өлшемі36,83 Kb.
#60365
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
13 лек


13-лекция. Тақырыбы: Электр энергиясының сапасы


2.Лекцияның оқыту нәтижесі: электр энергия сапасының көрсеткіштерін байқайды және есептейді. Электр тораптарында кернеуді реттеу әдістерімен танысады.
3.Лекция мазмұны:
Электрэнергияның сапасы айнымалы токтың жиілігіне және кернеулердің режиміне қатысты белгілі көрсеткіштермен сипатталады. Электрэнергияның сапасы электрқабылдағыштардың жұмысына, сонымен қатар электр тораптарына қосылған электр аппараттарының жұмысына әсері бар. Барлық электрқабылдағыштар және аппараттар белгілі номиналды параметрлермен (f ном , Uном , I ном және т.б.) сипатталады. Осы параметрлердегі жұмыс техникалық және экономикалық тұрғыдан ең тиімді деп есептеледі. Қазіргі уақытта жүктемелері күрт айнымалы жүктемелері немесе фазалар бойынша қалыпсыз таралуы бар және синусоидалы емес токтар мен кернеулері бар электрқабылдағыштар өте көп (прокат стандары, доғалы болат балқытатын пештер, түзетуші қондырғылар, электрлендірілген көлік, электролиз). Осының бәрі электрэнергияның сапасын бұзады.


Электрэнергия сапасының көрсеткіштері
Электрэнергия сапасының көрсеткіштері екі топқа бөлінеді: негізгі және қосымша. Негізгі көрсеткіштер электрэнергияның сапасын сипаттайтын қасиеттерді анықтайды.
Рұқсат етілген мәндері орнатылған электроэнергия сапасының негізгі көрсеткіштеріне жатады: жиіліктің ауытқуы, кернеудің ауытқуы, кернеудің тербелісі, гармоникалық құраушысының коэффициенті, кернеулердің кері реттілігінің коэффициенті, кернеулердің нөл реттілігінің коэффициенті.
Жиіліктің ауытқуы – бұл жиіліктің іс жүзіндегі және номиналды мәнінің арасындағы айырмашылық:
f = f f ном .
Жиіліктің ауытқуы барлық энергия жүйесіне бірдей, өйткені осы кездегі жиіліктің мәні генераторлардың айналу жиілігімен анықталады. Қалыпты орныққан режимдерде барлық генераторлардың жиілігі синхронды. Сондықтан жиіліктің ауытқуы – бұл электрэнергия сапасының жалпы жүйелік көрсеткіші.
Электр тораптарының іс жүзіндегі режимдерде түйінді нүктелердегі кернеулердің номиналдыдан айырмашылығы бар. Сондықтан кернеу сапасы көрсеткіштерінің мәндері электр торабының әртүрлі нүктелерінде әртүрлі.
Кернеудің ауытқуы – бұл кернеудің іс жүзіндегі және номиналды мәндері арасындағы айырмашылық:

δUу = U - U ном ,





немесе номиналдыдан пайызбен:

δUу =




U - Uном 100 . (11.1)
U



Кернеудің тербелісі – бұл кернеудің ең үлкен және ең аз мәндерінің арасындағы айырмашылық, номиналдыдан %:

ΔUt%= Umax - Umin 100 . (11.2)


Uном
Кернеудің кері реттілігінің коэффициенті – бұл кернеулердің симметриясыздығын анықтайтын сапа көрсеткіші, %:



К2U
U2(1)
U
100

, (11.3)


ном

мұнда U2(1) - кернеулердің үшфазалық жүйесінің негізгі жиілігінің кері реттілігі кернеуінің әсерлік мәні.
Осыған ұқсас үшфазалық төртсымды жүйе кернеулерінің нөл реттілігінің коэффициенті Kоu анықталады. Kou коэффициенті (11.3) ұқсас анықталады, тек U2(1) орнына негізгі жиіліктің нөл реттілігінің әсерлік мәні пайдаланылады U0(1).
Кернеулер қисығының синусоидалы еместік коэффициенті:



K HCU


Uном
100 ,

мұнда Uγ - кернеудің гармоникалық құраушысының әсерлік мәні, γ - кернеудің гармоникалық құраушысының дәрежесі;


n – кернеудің ескерілетін гармоникалық соңғы құраушысының дәрежесі.
Электрэнергияның сапа көрсеткіштерінің рұқсат етілген мәндері:






Қалыпты

Максималды

Кернеудің орныққан ауытқуы, %

± 5

± 10

Синусоидалы емес коэффициенті, %, артық
емес, электр торабында кернеуі







1 кВ дейін

8

12

6 – 20 кВ

5

8

35 кВ

4

6

110 кВ және жоғары

2

3

Кернеулердің кері реттілігінің
коэффициенті, %, артық емес

2

4

Кернеулердің нөл реттілігінің
коэффициенті, %, артық емес

2

4

Жиіліктің ауытқуы, Гц

± 0,2

± 0,4





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет