Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері



бет6/8
Дата19.10.2023
өлшемі38,09 Kb.
#119760
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Орыс философиясы
Ресейде философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшелітері бар. Олар, көбінесе, Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени-әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлер Ломоносовтан басталады. М.В.Ломоносов (1711-1765) аты әлемге әйгілі бірінші орыс ойшылы, ғалымы, ғылымның сан-саласын дәйекті дамытқан данышпан (материалист).
Философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, Ломоносов материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылардың қосылысынан аралық заттар түзіледі деп есептеді. Әлеуметтік өмірді түсіндіруде Ломоносов ағартушылық, гуманистік көзқарасты ұстады. Сондай-ақ оның көзқарасында деизмнің элементтері де бар еді. Ломоносов сияқты А.Н.Радищев те (1749-1802) дүниенің материалдығын, атап айтқанда қозғалыс материяның негізгі бір қасиеті екенін уағыздады. Орыс философиясының тарихында ХІХ ғасырдағы революцияшыл демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев тек теория жүзінде емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60 жылдары пісіп жетіліп келе жатқан шаруалар революциясының идеологтары болды.
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы
Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.
Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. 
Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет